» » » Жаңа кітап оқырманға жол тартты

Жаңа кітап оқырманға жол тартты

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӘДЕТ-ҒҰРЫП, САЛТǧДӘСТҮР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ, ҚР ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ, ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫЙЛЫҚТЫҢ ЛАУРЕАТЫ, ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАХМУД ҚАШҚАРИ АТЫНДАҒЫ ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ ТЕМІРХАН ТЕБЕГЕНОВТІҢ "КЕТЕ-БАЙСАРЫ: АТАТЕК ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҰРПАҚТАР ЖАЛҒАСТЫҒЫ" АТТЫ ЕКІНШІ КІТАБЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ.
Атақтары ғылымның шыңына шырқап шыққан, әдебиет әлемінде із қалдырған ұстаздық ұлағаты қалыптасқан Темірхан Тебегеновтің есімі аталса елең етпейтін жан кемде-кем. Профессор Темірхан Тебегенов – жоғары оқу орындарының қазіргі заманғы талаптарына сай еңбек еткен тәжірибелі ұстаз-ғалым. Жоғары оқу орындарындағы қазақ және әлем әдебиеттерін зерттеу мен оқыту әдістемесіндегі ғылыми-теориялық, практикалық сабақтастықты дамыту мәселелерін тек жетілдірумен айналысып келген. Ерекше тағдырымен, ғалымдығымен, әдебиеттану ғылымына сан ғасырға жетердей еңбектер жазған, біртуар, қайталанбас ғасырлық тұлғаның жазып кеткен еңбектерінің мәңгілік өміршең екендігіне сенімім мол. Туындыларымен әдебиеттануда орын алған, шәкірттерімен шұғылалы болған ғалым сәуір айында бұл фәниді тастап, бақиға аттанды. Қазақ әдебиеті, ғылымы мен білімінің кеңістігінде қайталанбас қолтаңба қалдырған жанәкемнің дүниеден озуы – әдебиетті, жазушылықты жүрегіне жақын тұтатын қазақ қаламгерлерінің қабырғасын қайыстырғаны да ақиқат. Ешнәрсеге мойымайтын, қайғы-мұңға құламайтын, шапшаң да қайыстай қайратты болмысты әкешім осы жақында ғана «Кете-Байсары: ататек тарихы және ұрпақтар жалғастығы» атты тарихи кітабының екінші туындысын баспаға беріп келгендігін қуана айтқан болатын. Жаңа кітап – ғалымның жаңа туындысы емес, екінші жалғас кітабы еді.
Қазақстан Республикасының жаңа тарихындағы ұрпақтар әуелгі ата-бабаларымыздың қай ғасырларда пайда болғанынан бастап, өсіп-өркендеген, қалыптасқан тарихнамасын анықтау мұратындағы жаңа ізденістер жүргізетіні ақиқат. Темірхан Сахаұлының бұл кітапта жазылған тарихнамалық-дерекнамалық тың деректер мен бұған дейін назарға алынбаған өзекті мәселелерді қазіргі және болашақ ұрпақтың назарына ұсынады.
Ата-бабаларымыздың қоныстанған-мекендеген географиялық орындарынан, атақоныстардан-атамекендерден үдере көшіп, еуроазиялық, америкалық құрлықтардағы өңірлерде мекендегендері әлем өркениетіндегі жалпыадамзатқа ортақ тарихи-этнологиялық, этнографиялық зерттеулер деректері арқылы дәлелденуде. Адамзаттың мәңгілік мекені Жер планетасындағы жеті миллиардтан асқан халықтың қазіргі дәуіріміздегі жеке ұлт, мемлекет болып қалыптасуына дейінгі ғасырлар белестеріндегі деректер арқылы талай оқиғалардың сырлары анықталады. Көрнекті зерттеушілердің нақты деректерге негізделген тың ғылыми-танымдық тұжырымдары арқылы ғана қазіргі танымал ұлттарды құраған жекелеген рулардың- ұлыстардың ата-бабалық бастаулары да айқындалады.
Қазақ – әлем өркениетінің көпғасырлық тарихында антикалық дәуірлердегі скиф, сақ-массагет, ғұн бірлестіктері мен кейінгі Түрк қағанаттары кезеңдерінде негізі қаланған байырғы ұлт екенін айта келе, жазушы Қазақ халқының рулық-ұлыстық жүйесіндегі Кете-Байсары ұлысы ата-бабаларының антикалық дәуірлерде Алтай атыраптары мен Сібір өңірлерінде, сонымен бірге қазіргі Түркия Республикасы орналасқан географиялық кеңістікте өмір сүргендігі туралы тарихи-танымдық зерттеулер бойынша жүйелі түрде зерттеген. Әлем өркениетіне, жалпытүркілік халықтарға мәлім тарихшы, әдебиетші, этнолог-этнограф ғалымдардың (Геродот, Страбон, Гордлевский, Н.Аристов, Джон Кемпбелл, М.Тынышбаев, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, М.Дүйсенов, М.Мағауин, Ә.Сарай, Т.Әбенайұлы, С.Өтениязов, Ә.Балқыбек, т.б.) дерекнамалық еңбектері арқылы қазақ ру-ұлыстарының антикалық дәуірлердегі және кейінгі ғасырлардағы тарихына байланысты тың мәліметтерді де анықтаған. Тарихи-этнологиялық, этнографиялық зерттеулер аясында сөз арқауындағы Кете-байсары ұлысының антикалық дәуірлердегі және одан кейінгі ғасырлардағы өмір сүрген мекендері, тарихи тұлғалары туралы айтылған ғылыми-танымдық пікірлер аясында бұрын назарға алынбаған жаңа деректер айқындалып, жазылған. Атап айтқанда, Кете-Байсары ру-ұлысы ата-бабаларының Антикалық дәуірдегі Кіші Азиядағы Хатт-Хетт патшалығын құрушы халық болғандығы, Кете-Байсары ұлысы батырларының Гомер жырлаған «Илиада» дастанындағы Троя қаласын қор ғаушылар құрамында болғандығы, Гомердің (Ғұмар, Өмір) және оның замандасы Гесиодтың (Қасиет) Кіші Азиядағы прототүріктік ұлыстардан болған деректері және т.б. ғылыми байыптаулармен ұлыстық тарихнаманың беймәлім беттері де зерделенген.
Бұл кітапта отандық және шетелдік тарих, этнография, әдебиеттану, мәдениеттану ғылымдарының дерекнамалық-тарихнамалық тұжырымдары негізге алына отырып, қазақ ұлтын құрайтын Кіші Жүздің Қаракесек ру-тайпалары бірлестігі құрамындағы Кете-Байсары баба және одан тараған ататек-әулет ұрпақтары жүйеленген.
Қазақ елінің негізгі иесі қазақ халқының ата-бабалары мен кейінгі буын ұрпақтары жалғастығын жүйелеген тарихи-танымдық бұл кітап – Қазақ Елінің жаңа буын ұрпақтарына арналған. Қазақ халқын құраушы бұрынғы ұлыстар қатарындағы Кете-Байсары ұлысының ататек тарихы мен даму жолы жалпыадамзатқа ортақ тарихи-этнологиялық ұстанымдар аясында жаңа зерттеулермен жалғаса береді.
Алтынарай ТЕМІРХАНҚЫЗЫ,
филология ғылымдарының кандидаты (PhD),
Қазақ Ұлттық Аграрлық зерттеу университетінің кафедра меңгерушісі
12 қыркүйек 2022 ж. 486 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930