» » » Біздің мақсатымыз бір, құндылықтарымыз ортақ

Біздің мақсатымыз бір, құндылықтарымыз ортақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын 1 мамыр – Бірлік күні мерекесімен құттықтады.

Қымбатты отандастар! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Мамырдың осы мамыражай мерекесі – еліміздің тұтастығы мен ырыс-ынтымағының символы.
Достық пен өзара түсіністік дәстүрлері халқымыздың сана-сезімінде берік орныққан. Бұл қасиеттер берекелі өмірдің, бейбітшілік пен келісімнің өзегі болып отыр.
Тағдырдың жазуымен кең байтақ қазақ жерінде тоғысқан әр алуан мәдениеттер тұтаса келе ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды.
Біздің мақсатымыз бір, құндылықтарымыз ортақ. Мызғымас бірліктің арқасында қиындықтан қаймықпай, жаһандық сын-қатердің бәрін еңсеріп келеміз.
Бүгінде Жаңа Қазақстанды құру бастамасы бүкіл қоғамды ұйыстыруда. Бұл идея ел азаматтарының жасампаздық қуатынан бастау алады. Мемлекетімізді жан-жақты жаңғыртуға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек.
Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Аспанымыз әрдайым ашық болсын!

BAQ.KZ
01 мамыр 2022 ж. 762 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

№39 (10507)

26 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 219
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 774

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930