» » » Іскендір молда немесе оның айтысы хақында

Іскендір молда немесе оның айтысы хақында

Еліміз егемендігін алып, рухани дүниелерімізді түгендей бастаған қазіргі кезде Сыр бойы ақын-жыраулары мен шежірешілеріміздің шығармаларындағы өзекті мәселелерді сын елегінен өткізіп, қайта қарау қажеттігі туып отыр.
Сыр бойында ақын, шежірешілердің ерекшелігін, халық тағдырының шынайы көріністерін, ұлттық болмыс бітімін айшықтап беретін мәселелер әлі күнге дейін толық зерттелген жоқ. Міне осы орайда бүгінгі зерттеуіме арқау болатын Іскендір ақын Байсүгірұлы болмақ.
Іскендір ақын Байсүгірұлы Ақтөбе облысының Ырғыз ауданының Торғай өзені бойында дүниеге келген. Ата-бабалары сол кездегі шаруашылыққа байланысты қазіргі Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының, Арал маңы Қарақұмының жерін жайлап, Сыр бойын қыстайды екен. Атасы балаларын әртүрлі кәсіпке, бірін былғарыдан биік өкше аяқ киім тігуге, бірін мал бағуға баулыса, ал Іскендір ақынның бейімділігіне қарай, зейінді зеректігін байқап мешітке беріп, сол заманғы оқу-білімді (арабша) оқытқан.
Іскендір ақын жастайынан өлең-жырға жақын болып, шығыс әдебиетін және ислам діні қағидаларын жақсы білген, тарихи деректерді, батырлар жырларын, қиссаларды жинастырып, замандастарына оқып береді екен, өзі де өлең жазған. Сондықтан да Іскендір ақынды молда десе, басқалары ақын ретінде таныған.
Жалпы айтыс – халықтық өнер. Әсіресе, қазақ халқының арасында көп дамыған, ерекше бағаланған жанр. Айтыс өлеңдері туралы Мұхтар Әуезов  «Айтыс» деген атау-айтысу, тартысу, дауласу немесе жарысу-сынасу мағынасында қолданылады. Тыңдаушы жұрт жиын-тойда айтысушы ақындардың әншілік, домбырашылық жарыс-керісті, орындаушылық өнерін де бақылап, бағалайды. Іскендір молданың ақындық дүниетаным, тақырыптық-идеялық жүйе, ойшылдық мәселесі ақынның бай мұраларының негізі.
Халық ақындар айтысын қашанда үлкен өнер ретінде жоғары бағалаған, оны өнер жарысы, таразысы деп қараған. Іскендір ақынның ақындық қырларын оқи отырып, оның импровизатор, айтысқа қабілетті, сөз тапқыш шешен де, ойлы ақын екенін көреміз. Айтыс өнерінде ақынның өзіне тән стилі, кейбір ерекшеліктері байқалады.
«Үш ғасыр жырлайды» атты айтыс кітабында және «Күлтегін» баспасынан жарық көрген «Қазақ өнерінің антологиясының «Айтыс» бөлімінің ІІІ томында жалағаштық Уамықпен жазбаша айтыс түріндегі жауаптасуы жарияланған. Ондай былай дейді:
Іскендір:
Уеке, сізге арнап бұл жазылған сөз,
Тірлікте дидарласып бола алмай кез.
«Арасы жақсы, жаман-аспан,
жердей»
Қашаннан халық аузында
келе атқан сөз.
Жақсының тұқымысыз
халық білетін,
Мақсат іс көңілдегі: «көрсе деп көз».
«Жақсыда шарапат бар» деген анық,
«Үлгі сөз үйретеді» деп үміттенеміз.
Жас үлкен, жатарлық жер
жақындап тұр,
Әйтпесе, жоқ шырағым, міндетіміз.
«Жақсымен етсе сұқбат, дидар көріп,
Пайдасы болар» деген өздеріңіз.
Қалған сөз қариядан – қатесі жоқ:
Жаманға жақын жүрме, күдеріңді үз!
Бірнеше барсам-дағы Жалағашқа,
Бола алмай дидар нәсіп қапа жүрміз.
Қай бір жан тиянақтап тұра
алмайды,
Әлемнің алғаннан соң
шам-шырағын.
Қайғысыз рақатта өмірлі бол,
Кейбіреу айырмайды істің ағын.
Алыстан ұзақ өріс ала алмайды
Қол қысқа болса егер бойы шағын.
Кіші жүз Алтын Айдар –
шыққан тегім,
Қысқартып доғарайын сөз аяғын
Қол қойған Байсүгірдің Іскендірі,
Қорқыттың вокзалында отырамын.
Уамық:
Ісеке, сәлеміңіз келді хаттан,
Көрсетіп адресін Қорқыт жақтан.
Сайраған сандуғаштай секілденіп,
Паруаз қып тамаша айлап
ұшқан бақтан.
Елестеп жазған сөзден аңданады,
Хабардар еткеніңіз әр тараптан
Руың – Кіші жүздің Бай баласы
Алтында Айдар екен сіздің таптан.
Іздесін, «Жөніңізді білем» деген,
Іскендір Байсүгірұлы деген аттан.
Дүниеге келген жанның
баршасының
Өзінше олқысы жоқ, бәрі батпан!
Құрулы халық алдында таразысы,
Қарасын сол безбенге,
нарқын баққан.
Меніңше, мұнда да бар
 жаңылтпаштар,
Аңсызда адастырып
халықты алдатқан.
Наданға – надан қымбат
болғаны үшін,
Етеді өз тұтасын әркім мақтан.
Кімге-кім кездескенде мінездес боп,
Жарасып сұқбаты да соны ұнатқан.
Һәм және әр заманның нарқы басқа,
Қардарға қарасаңыз нәрсе сатқан,
Сатушы, алушымен әр базардың,
Бұйымын қадірлеген қымбаттатқан.
Тартымды бір базарда сиыр болса,
Тағы бір алушысы жылқылатқан.
Әр заман үстіндегі-мысалы базар,
Сол базар адамды да бағалатқан.
Болыпты бір заманда батыр қымбат,
Базарға мал орнына құл айдатқан,
Ақ сүйек, патша мен бек бір заманда,
Өзгені өздері үшін зар жылатқан.
Мақтауға біреулерді «шайқы,
ишан» деп,
Ол жолды шындық жеңіп
мүлдем жапқан.
Бұрынғы ғалымдарды мақтауға да,
Оны да оқығандар басы қатқан.
Фараби, Ибн Сина, Ұлықбектер,
Шынымен солар еді ілім тапқан!
Жатқанда жұрт ұйқыда олар ояу,
Дүниені дабыл қағып таңырқатқан!
Данышпан сол секілді ғалымдарды 
Орынсыз, жан бола ма жабырлатқан?
Заманның өтіп кеткен оқулығы,
Болыпты көбірегі құрапаттан.
Жарыққа ілім, білім жаңа шықты,
Арасын аспан, жердің жақындатқан.
Жетпейтін мың жылда да
жерде жүріп,
Дыбысты сыбырлаған сапылдатқан!
Емес пе құл еткені табиғатты,
Жансызға тіл бітіріп қақылдатқан?!
Жайнаған жастарды да жаңа көрдік,
Халық едік қараңғыда қапыл жатқан.
Ісеке, олай болса, балаларға –
Қызық қой бақыт тілеп, ауыз баққан.
Бұл жерде айтысқа арқау болып отырған тұлға Уамық Қалжанұлы 1895 жылы Жалағаш ауданы, Коммунизм кеңшарында туған, шығыс әдебиетін, тілін жақсы меңгерген. Бұхара медресесінде оқып, білім алған. Қалжан ахунның үлкен ұлы.
Өткен ғасырдың 60-жылдары Қазақстан Ғылым Академиясынан арнайы кісілер келіп, әкеміздің жинаған жазбаларымен танысып, Академияның ғылыми қорына алыпты. Оның ішінде пайғамбарлар және олардың сахабалары жайында әфсаналар, «Жүсіп-Зылиха», «Қыз Жібек-Төлеген» сынды ғашықтық дастандар, әсіресе аса құнды «Кенесары-Наурызбай» жырының бір нұсқасы бар. Іскендір ақынның айтуын­ша, ХV ғасырдың ар жағында осы күнгі Кіші жүз руларын сан Ноғай Ордасының құрамында болып, Еділ-Жайық өзендерінің арасын жайлапты. Кейіннен Ноғай Ордасының ыдырауына байланысты Жайықтың бергі бетіне өтіп, Кіші жүз рулары Алшын деген атпен енді іргесін қалыптастырып жатқан Қазақ Ордасына қосылыпты. Оған куә әйгілі «Қазақ пен Ноғайдың айрылысуы» жыры дейтін. Іскендір ақын Кіші жүз руларының ата-тек шежірелерін жинаумен, оларды құрастырумен айналысқан. Ақынның өзі қайтыс болғанға дейінгі Кіші жүз, он екі ата Байұлы, Алтын Айдар руының Тілеуке тармағын жазған шежіресі әлі күнге сақтаулы. Сонымен қатар Іскендір ақын жылқышы болған, жылқы түлігін бағудың жайын өте жетік білген. Көзі көргендер ақын бұғалықты тастағанда дәл түсіріп, жүген-ноқта көрмеген асауларды бас білдірудің майталманы еді деседі. Жырау А.Алматов республикалық «Айқын» газетіне берген бір сұқбатында: «Мен бала күнімде Іскендір молда мен сол дәуірдегі ахун ишандар шаңырағымызда ұдайы қонақ асында болып осы кісілердің ұлағатты сөздерін санамызға сіңіріп, құлағымызға құйып өстік» дегенді айтады.
1947 жылы 63 жасында еңбек армиясы қатарына алынып, Ресей жерінде соғыстан кейінгі бүлінген шаруашылықты қалпына келтіруге атсалысқан. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының 1945 жылы 6 шілдедегі Жарлығы бойынша «За доблестный труд в Великой Отечественной Войне 1941-1945 гг.» медалімен марапатталған. Іскендір ақын 1968 жылы 12 желтоқсанда дүниеден озды.
Айдынбек АЙТБАЙҰЛЫ,
экономика ғылымдарының магистрі
30 маусым 2021 ж. 548 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 052

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031