» » » 30 жыл бұрын қазақтар Наурызды қалай тойлаған? (ерекше фото)

30 жыл бұрын қазақтар Наурызды қалай тойлаған? (ерекше фото)

Жыл басы Көктем мейрамы Наурыз ресми түрде Қазақстанда 1991 жылы Тәуелсіздік алғаннан кейін тойлана бастады. Он жылдан соң мейрам мемлекеттік деген мәртебе алды. Бүгінде мейрам үш күн тойланады: 21, 22, 23 наурыз. Stan.kz тілшісі 22 Наурыз қарсаңында 30 жыл бұрын қазақстандықтар мейрамды қалай тойлағанына шолу жасады.


Кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағатынан алынды
 
Наурыз ұлттық мереке, демалыс күні болмаған
1991 жылдың қаңтарында мәжілісте Наурыз мерекесін өткізуді ұйымдастыру комитеті құрылған. Оның қосалқы төрағалары Мұхтар Шаханов, Қазақ ССР Мәдениет жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы Қ. Саудабаев, Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы Заманбек Нұрқаділов сайланды. Олар Наурыз мерекесін өткізуді ұйымдастыруды мойындарына алады. 
"Ендеше наурыз айының 22-сі халқымызың заңды, ресми мейрамы - Жыл басы мерекесі ретінде қабылданып, күнтізбеде қызыл болып белгінеуі тиіс. Біз республика президенті мен Қазақ ССР Жоғарғы Советінен Наурыз мейрамын ендігі 7 Қараша, 1  Мамыр секілді айтулы даталармен тең дәрежеде тойланатын ұлттық мереке ретінде бекітіп беруін сұраймыз.
Наурыз тойы - республика атын иемденіп отырған бір ғана ұлттық мейрамы емес, ол Қазақстанда өніп-өсіп, өркен жайған барша халықтың ортақ тойы.", - деп үндеу жолдады ұйымдастыру комитеті.
"Бұл мейрам соңғы кезде көз жазып қала жаздаған бауырмалдық, имандылық, мейрімділік, шапағат сияқты қасиетті сезімдермен қайта қауышуымызға дәнекер болсын!", - делінді үндеуде.
1991 жылы Наурыз мейрамында, сондай-ақ, бүкіл ай бойы қылмыс жасау өте қатаң түрде жазаланған. Жаңа жылдық күндердің ұлылығы мен қасиетіне қол сұғу болып саналған. 
 
"Жаңа жылды қызыл етпейінше, Наурыз мерекесін басқа ұлт өкілдері мойындамайды"
1991 жылы Наурыз мейрамы арнайы тойланбаған соң, күнтізбеде қызыл күн болып белгіленбегендіктен, баспасөзде осы айтулы датаны ерекшелеу жайлы көп айтылып, жазылды. 
"Егемен Қазақстан" газетінің Наурыз айындағы нөмірінен:
"Бүкіл республика тұрғындарын наурыз айының 16-сынан сәуір айының 16-сына дейінгі аралықта "Табиғатпен үндесу" айлығына шығуға шақырады. Айлық кезінде әрбір үйдің, мектептер мен балабақшалардың, ауруханалардың аулаларына, түрлі мәдени-қоғамдық орындарға ағаш отырғызылсын", - деген бастамалар көтеріледі.
Осыдан ел белсенділері, бастамашылардың ел табиғатына қамқорлықпен қарағанын білуге болады. 
"Әрбіріміз республикада тұратын басқа ұлт өкілдеріне Наурыз мерекесінің мән-мағынасын түсіндірсек деймін. Сонда ғана бұл мерекенің жалпыхалықтық дәрежеде ауқымды ететіні анық", - дейді газетке пікір берген қазақстандықтың бірі.
Демек, осы тұстағы халықтың басты мақсатының бірі - мерекені күнтізбеде демалыс күні ету болған. Айтуларынша, шығыстық жаңа жылды қызыл етпейінше, Наурыз мерекесін басқа ұлт өкілдері мойындамайды. 
Құлдарға да осы күні еркіндік берілген
"Казахстанская правда" газетінің 1991 жылғы Наурыз айындағы нөмірінде жарияланған сұхбатта Ұлыстың ұлы күні жайлы мынандай ақпараттар беріледі.  
"Наурыз зороастризмнің діни күнтізбесіндегі ең ұлы мейрам болып саналады. Наурыз мейрамы Орталық Азияның иран тілді халқының дәстүрі ғана емес, көшпелі және жартылай көшпелі халықтың дәстүрлерін де өзіне сіңірген. 
Мейрамнан бір-екі күн бұрын әйелдер киіз үйдің ішінде, ал ерлер аулада, қораны тазалап, таза киімдерін киіп, күні бойына жететін мол дастархан жайған. Себебі күні бойы келетін қонақтар легі таусылмаған. Жастар үшін үлкен кісілерді құттықтап, олардың батасын алу жақсылықтың нышаны болған", - делінген басылымда. 
Тіпті құлдарға да осы күні еркіндік берілген екен. 
Көрші ауылдарға кәрі шал мен кемпірлер, ересек ерлер мен баласы бар әйелдер бөлек-бөлек баратын болған. Онда дастархан басында жастық шақ жайлы әңгіме айтылып, бал ашып жатады. "Құмалақ тастар, қойдың жауырын сүйегімен бал ашқан.
Ең негізгі ұлы іс -  Наурыз көже дәмін тату рәсімі болды. Наурыз мерекесінде келер жыл молшылыққа толы болсын деп дастарханды молынан жайған. 

Кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағатынан алынды
 
Мейрам қай кезде тойланған?
Күн мен түннің теңелуі күнтізбе бойынша 20, 21 наурыз деп есептелсе, кейбір оңтүстік өңірлер шымшықтардың оралғанына қарап өткен жылдың соңғы күндері мен жаңа жылдың алғашқы күндерінен бастап тойлай беретін болған. Сондай-ақ, аспандағы жұлдыздар шоғырының Аймен кездескен уақытына қарап анықтаған. 
Мейрам аяқталған шақта оңтүстікте шаруалар арықтарды тазалап, көпірлерді, жолдарды салуға кірісетін. 
 
Наурыздағы ойындар мен рәсімдер
Наурызда жастар жиі ойнайтын ойындардың бірі - "Ақ серек, көк серек" болған. Жастар екі топқа бөлінген. Қол ұстасып, бір-біріне қарама-қарсы 10-15 метр қашықтықта тұратын болған. 
Әлгі ойынды бастайтын топтың басшысы: "Бізден сізге кім керек?" деп айқайлайды. Сол кезде қарама-қарсы тұрған топ басшысы өздеріне керекті қарсыластарының арасынан біреуінің атын атайды. Аты аталған ойыншы, жүгіріп қол ұстасып қатар тұрған қарсы топтың екі ойыншысының ұстасып тұрған қолын үзіп өте шығуға әрекет етеді. Ал қарсылыстары қолдарын мықты ұстап, үздірмеуге тырысады. Егер жүгіріп келген адам қарсыластарының қолдарын үзіп кетсе сол топтан, басшысынан басқа бір ойыншыны өзімен бірге алып кетеді. Қол ұстасып тұрған қатарды үзіп өте алмай қалса, онда сол топта өзі қалып қояды.
Наурызда ойналатын тағы бір ұмытылған ойын - қайын ата мен қайын ағалардыкеліндермен кездестіру. Ол уақытта екі жақ бір-бірінен қашқақтап жүретін болған. Осыған байланысты екі тарапты кездестіріп, құшақтастыру басты мақсат болған.
"Бұрынғы кездерде жаңа жыл түнінде о дүниелік болғандарды еске алған. Ауқатты адамдар өлгендерге құрбандық шалатын болған. Ата-бабалар мазарларында шам жаққан". 
Кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағатынан алынды
 
Наурыз көже қалай дайындалған?
Наурыздың басты асы үлкен қазандарда қайнатылып, ауылдастардың бәрі одан дәм татқан. 
Наурыз көжеге су мен тұздан бөлек, жеті түрлі дәм салынатын. Тазартылған бидай, күріш, арпа, тары, маш, сүт, жаңа сойылған малдың не сүрленген ет. Көжені суыған күйде айран қосып немесе құрт қосып ішетін болған. 
Кей жерлерде тағамды үйге кіргізіп берсе, кей жерде  сыртта ашық аулада беретін болған. Бірнеше үйдің келіншектері жиналып, көжелері мен ыдыстарын шығарып, әрі-бері өткендерге көже татуды ұсынған. Бір үйге көжелерін алып келетіндер де болған. Жиналатын мекенжайды ауа райына қарап шешкен.
 
Наурыздағы ауа райын белгілерге қарап білген
Қазақтар көктемнің қандай болатынын белгілеріне қарап білген. Көктемнің жақындай түскенін қараторғайлардың ұшып келгенінен байқаған. Барлаушы қараторғай мен жаппай ұшып келетін қараторғайлардың уақыт аралығы жақын, яғни бір тәулікке жетсе, көктемнің келуі қауырт болғаны. Ал барлаушы торғай мен қараторғайлардың ұшып келуінің екі аралығы созылып, аптаға жетсе, онда көктем созылмалы, суық болады деп есептеген. Келген қараторғай көрінбей кетсе, қолайсыз ауа райын күтілген. 
Наурызда күн бірте-бірте ұзарып, наурыздың 21-інде күн мен түн теңеседі деп есептеледі:
2 наурыз - алғаш рет аспанда бұлт көшеді
3 наурыз - қар еріп, су көбейсе, көктем ерте келеді
6 наурыз - Жылы күндердің хабары келеді
8 наурыз - сауысқан орманға ойысады
12 наурыз - қыс бойғы тоң жібіп, жылқалар арнасын кеңітеді
18 наурыз - қар кетіп, жер қараяды
20 наурыз - аяз әлі де шегінгісі келмейді
21 наурыз - күн мен түннің теңесер тұсы, астрономиялық көктемнің туған күні
28 наурыз - шағала ұшып келсе, сең жүретін кез жақын қалды
30 наурыз - күн қызып, қар еріп бітуге тақайды.
Кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағатынан алынды
 
Наурызбай, Наурызбектер туған күн
1991 жылдың 15 наурызында Қазақ ССР президенті Нұрсұлтан Назарбаев 22 наурызды халықтық мереке - Наурыз мейрамы етіп белгілеуге қаулы шығарады. 
Осы тұста қазақтар Наурыз мерекесінің елдік, бірлік, берекелік қана емес, инабаттылық, иманжүзділік, ізгілікке баулитын жақтарын аша түсуге тырысқан. Халықтың Наурызға деген ерекше ықыласын байқататын тағы бір жәйт - көктемгі күн мен түннің теңелетін сәтінде туған ұлын Наурызбай, Наурызбек, ал қызын Наурызгүл, Наурыз деп атағандығы. Наурыз күні қар жауса, жақсы ырым деп саналған. 
Осындай думанды мерекенің ертеңінде егінші қауым көктемгі егіске кіріскен екен.
 
 
22 наурыз 2021 ж. 962 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 054

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031