» » » Қадірін білген адамға - адам қымбат ♡

Қадірін білген адамға - адам қымбат ♡


ДҮР АЛМАС

Төгіліп кетсе - Жыр Алмас,
Көкірегі толы сыр Алмас.
Шертіліп кетсе - шежіре,
Теңіздей терең Дүр Алмас.
Жер-жерден жырау жиылса,
Аруағы басым бір Алмас.
Әрқайсысы бір-бір астана,
Шәкіртке сыйлы Пір Алмас.
Сынаққа алып жан-жақтан,
Жатса да жауы жыға алмас.
Арбасып қалса бетпе-бет,
Сайтан да сырын ұға алмас,
Тау менен тасқа салса да,
Майрылмас жүзі шын алмас.
Алаштың жайын сөз етсе,
Көкірегі шемен, мұң Алмас.
Қазақтық сынға түскенде,
Жалғыз-ақ басы мың Алмас.
Қасқайып аман жүре бер,
Жалғыз жан екі сыналмас!

Алматы 2015ж. Ләйлі Құндақбай

ЛӘЙЛІ ҚЫЗҒА

Лейла қыз,- қалқам, қарындас!
Өзектес үнің,- сарындас.
Тектіден туған зүриятсыз,
Қаделі жолдан жаңылмас.
Қыз жасауың,- қара өлең,
Деп едің, жастай "бағымды аш".
Сырғалы ай мен тұмар күн,
Өмірге өлшем, ағымдас.
Керуен жырмен ұзатқан,
Қалайша ағаң,- сағынбас?!
Ордалы ойдың қазаны,
Көшкен соң жұрты табылмас...
Адам қымбат,- адамға,
Қағида сол дүр,- жаңылмас.
Мыңын жемей бай да өлер,
Кемерін көрге тағынбас.
Бірін жемей жарлы өлер,
Жарты ырыздық, жарым ас.
Алла, бермей әуелден,
Өнер де, бойға дарымас.
Сіз бенен біздің еншіміз,
Қара өлең болды,- арымас.
Намыстың жүгі,- нарға сын,
Мойныңнан міндет арылмас.
Алқаға түссе шын жүйрік,,
Қызыл тіл сөзден жаңылмас.
Тоқсанның айы кіргенмен,
Қайнардың көзі жабылмас.

Астана 2015ж. Алмас Алмат

06 қаңтар 2021 ж. 1 426 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 106
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 309

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031