Бір ойлар (өлең)


Бұл өмір қарайламас өтер, кетер,
Түбіне бұл дүниенің бар ма жетер.
Ұмытып пенделіктің қысқалығын,
Көңілді қалдырамыз босқа бекер.

Сыйласаң үлкенді де, кішіні де,
Сөзіңді кім тыңдамас болса шекер.
Бірақ та санасызға сөзің шығын,
Қой десең өршеленер одан бетер.

Дегенмен әділдіктің соңы жеңіс,
Бұл сөзің қисық десең қолыңды әкел.
Бөлмеген қанағат пен шукірлікті,
Оңайлықпен жазылмас ол бір кесел.

Тоқ мойын жалқаулыққа жақын болсаң,
Өмірде жарымастан күнің өтер.
Адамдардың әрқилы мінезі бар,
Қарасаң бірі – шуақ, бірі – нөсер.

Арамызда мақтаншақ толып жатыр,
Сөзінде пәтуә жоқ босқа бөсер.
Бойына ит салақтық сіңген адам,
Былғанып итпен доңыз күнін кешер.

Сөйлеген сөзіңнің де сұрауы бар,
Бипыл сөз татулыққа қылады әсер.
Бір ұрыстың қырық күн кесірі бар,
Келісіп доспен сыйлас көңіл көтер.

Қарызың ата-анаңа шашыңнан көп,
Ұнатқан тәуірлерін соларға әпер.
Салыстыр жан-жағыңның оң мен солын,
Құр босқа жүре бермей қаннен қапер.

Дос болсаң екі жүзді сатқынменен,
Сау басыңа төнеді қауіп-қатер.
Әңгіме көп ұғатын адам болса,
Әзірге қоя тұрам осы жетер.
Тоқшылық ӨРІКБАЕВ
05 қаңтар 2021 ж. 789 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 409
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728