» » » Үш отбасы баспаналы болды(фоторепортаж)

Үш отбасы баспаналы болды(фоторепортаж)

Исі мұсылман халқының асыға күтіп, ерекше тойлайтын қасиетті мерекесінің бірі – Мәуліт айы басталды. Бұл – сі мұсылман халқының асыға күтіп, ерекше тойлайтын қасиетті мерекесінің бірі – Мәуліт айы басталды. Бұл – адамзаттың асылы болған ардақты Мұхаммед Пайғамбардың туған күніне байланысты атап өтілетін күн. Себебі дамзаттың асылы болған ардақты Мұхаммед Пайғамбардың туған күніне байланысты атап өтілетін күн. Себебі мәуліт арабша «туылу», «туылған уақыты» деген мағынаны білдіреді. Ол дүниеге келген сәтте күллі адамзат қиын әуліт арабша «туылу», «туылған уақыты» деген мағынаны білдіреді. Ол дүниеге келген сәтте күллі адамзат қиын кезеңді бастан кешуде еді. Күштілер әлсіздерге зұлымдық жасаған қараңғы дәуірде Жаратушы құдай сүйікті құлы езеңді бастан кешуде еді. Күштілер әлсіздерге зұлымдық жасаған қараңғы дәуірде Жаратушы құдай сүйікті құлы – Мұхаммедке пайғамбарлық міндетін жүктеді. Міне, осы сәттен бастап ол адамгершілік пен парасаттылықты, Мұхаммедке пайғамбарлық міндетін жүктеді. Міне, осы сәттен бастап ол адамгершілік пен парасаттылықты, ізгілік пен жақсылықты, көркем мінез-құлықтың үлгісін паш етті.Тағылымға толы қасиетті мереке ауданда ерекше тойланды. Жыл сайын дәстүрге айналған мерекелік шара биыл тағы жалғасын тапты. Былтыр 1971 жылы туғандардан аманат алған 1972 жылғы азаматтар Мәуліттің алғашқы күнін ерекше ұйымдастырды. Оған Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы, «Зекет» корпоративтік қорының облыс бойынша өкілі Оңталап Жидебаев және аудан әкімінің орынбасары Жарқын Омаров пен «Қармақшы ата» мешітінің бас имамы Жақсыбек қажы Әбиұлы арнайы қатысты.
Мерекелік шара кент орталығындағы «Дәуіт» қорымына зиярат етуден басталды. Онда облыстың бас имамы жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтап, әруақтардың рухына Құран бағыштады.
– Қадірлі жамағат баршаңызды қасиетті Мәуліт айымен шын жүректен құттықтаймын. Қазақ аруағын құрметтеген халық. Оның ішінде ата-бабамыздың жатқан жерін қорғап, аялау, бұрыннан келе жатқан дәстүр. Міне, бүгін сол ислам ғұламалары көрсетіп кеткен сара жолдан жаңылмай игі іс жасадыңыздар. Істеріңіз сауаптан болып, Жаратқан ием тілек-дұғаларыңызды қабыл етсін, – деді Болатбек қажы.
Айта кету керек, биылғы шараны ұйымдас тырған 1972 жылы туған азаматтар қорымды өз қамқорына алып, айналасын қоршаған.Имам Нәуәуи өзінің бір хадисінде «Жыл сайын Пайғамбардың туған күніне сәйкес келетін осы күндердегі садақалар, жақсылыққа шақыру және адам бойынан көрінетін көркем мінезділік пен қуанышты істер осы заманның ең жақсы жаңалығы» деген екен. Биыл ҚМДБ-ның құрылғанына 30 жыл толуына орай «Көшпелі керуен» қайырымдылық шарасы аясында «Қармақшы ата» мешітінде тұрмысы төмен 30 отбасыға азық-түлік таратылды. Одан бөлек, ауданда Мәуліт мерекесін төртінші мүшелге толып жатқан аға-әпкелеріміз де атап өтуді үрдіске айналдырған. Биылғы пандемияға байланысты атаулы шараның ауқымын шағын көлемде өткізуде. Алайда былтырғыға қарағанда игі істер артығымен орындалғандай. Олай дейтініміз – қасиетті мерекеде «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында үш отбасыға 290, 291, 292-ші баспанасы берілді. Қызылорда облысы бойынша бас имам Болатбек қажы Ұласқанұлы, «Зекет» корпоративтік қорының облыс бойынша өкілі Оңталап Тасболатұлы және ауданның бас имамы Жақсыбек қажы Әбиұлы мұқтаж жандарға пәтер кілтін табыстап, кілем сыйлады. Әрине, мұндай жақсылық жасауда қаражат жинап, үй салу оңай емес. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, қайырымды іске үлес қосқан жандар көп. Атап айтсақ, айтулы шараны ұйымдастырып жатқан 1972 жылы туған аға-әпкелеріміздің демеушілігімен көпбалалы отбасы, жалғыз басты ана Нұргүл Сарболоваға пәтер берілсе, «Қармақшы ата» мешіті жас жамағатының бастамасымен «Жосалының жүз жомарты» атты челлендж ұйымдастырылып, жиналған қаржыға көпбалалы ана Нұргүл Жәлиеваға екінші үйдің кілті табысталды. Үшінші пәтер кенттегі аз қамтылған отбасы Айткүл Үбісұлтановаға берілді. Бұл отбасының үй салуға мүмкіндігі болмаған соң аудандағы кәсіпкерлер қол ұшын созған. «Қармақшы құрылыс» ЖШС-нің директоры Әділет Қаршыға, «ҚызылордаСтройМонтажСервис-Д» мекемесі нің басшысы Болат Ізбанов, жеке кәсіпкер Асан Мереков, ауданның бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев бастаған ұжымға және көмек берген барлық жандарға пәтер иесінің айтар алғысы шексіз. Сонымен қатар жиында 1972 жылы туған азаматтар аманат хатты 1973 жылы туғандарға табыс етті.Мұнан соң мешітте Пайғамбарымызға арнап салауат айтылды. Мешітке келген жамағат ара қашықтықты сақтап, уағыз тыңдады. Өмірден өткен жандарға қол жайып, Құран бағыштады.
Қонақтар «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігіне ба рып, жұмыстарымен танысты. Қолөнер бұйымдарын тамашалап, орталыққа естелік үшін кілем сыйлады.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
20 қазан 2020 ж. 744 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 777

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 824

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031