» » » Түзде Ата заңға, үйде Әке заңына бағынған Баекеевтер

Түзде Ата заңға, үйде Әке заңына бағынған Баекеевтер

«Балам бол, басқа бол – бәріңе заң ортақ». Осынау мақалды сізге біреу айтса, «иә, әрине солай» деп мақұлдайсыз. Мәселен, туған әкеңіз айтса қандай күйдесіз? Алғаш естігенде абдырап қалуыңыз әбден мүмкін, егерде сіз мұғалім не дәрігер болсаңыз! Ал, қос иығыңызда жұлдызыңыз жарқыраған, шенді, заң өкілі болсаңыз міндетті түрде айтылған сөздің төркіні – атылған оқтың ізіндей анық қылып, «кім айтса да заң айтты» деп батыл қабылдауыңыз ғажап емес. Ұзын сөздің қысқасы бұл – Төретамда тұратын тәрбиесі тастай, үйде де, түзде де заңды бірінші орынға қоятын ағамыздың өз балаларына айтатын ұранға айналған ақылы. Әрбір аймақта ұл-қыздарына өнегесін көрсетіп, болашақта өміріне айнымас серік болатын қызметті дұрыс таңдауға жол сілтейтін әке-аналарымыз бар. Сондай отбасының тірегі, шағын мемлекеттің басқарушысы, бірегей заң тұлғалары тұратын Баекеевтер шаңырағындағы ардақты әке – Кенжебай Әбдірахманұлы.
Кенжебай Баекеев Қазалыда дүниеге келген. 1958-1968 жылдар аралығында №17 Ғани Мұратбаев атындағы мектепте білім алған. 1969- 1971 жылдары Монғолияда елшілікте қызмет істеп, әскери борышын өтеген. Одан соң Қазалыда ІІБ милиция қызметінде жұмыс істеп, 1979-1981 жылдары Алматы қаласындағы Ішкі істер милиция мектебіне оқуға түсіп, «Офицер» шенін алған. 1984 жылдан бастап Ленинск қаласында (қазіргі Байқоңыр) учаскелік инспектор, Қазалыда тергеу бастығы, аға тергеуші болып қызмет еткен. Қызметінің 28 жылын заң саласына арнаған ағамыз 1999 жылы зейнетке шыққан. Жасаған еңбегінің алғысы ретінде төсбелгілер табысталған.
– Қызмет жолымда алғыс алып, кеудеме бірнеше медаль тақтым. Лениннің 100 жылдығына арналған және «Кеңес милиция үздігі» деген медалім мен үшін ыстық. Қазіргі таңдағы медалім де, марапатым да немере-шөберелерім. Солар менің кеудемде жарқырап тұр. Қазақта баланың санын айтпайды дейді, дегенмен мақтанып қою да қазаққа жат емес. Қазір Нағима бәйбішем екеуміз 13 немере, 4 шөбере тәрбиелеп отырмыз, – дейді Кенжебай ағамыз.
Ағамыздың бес перзенті бар. Оның екеуі ізін қуып, заң саласында абыроймен еңбек етуде. Қызы Жанат Баекеева – Қызылорда облысы Департаментінің Қармақшы ауданаралық сот актілерін орындау бөлімінің басшысы, аға сот орындаушы болса, ұлы Әбілқасым Баекеев – Төретам теміржол желілік полиция бөлімшесінің капитаны болып зейнетке шыққан. Қалған ұл-қыздары қызметтегі ізін баспаса да, отбасында орнатқан заңына бір ауыздан бағынып, бүгінде Баекеевтер отбасы ауыз толтырып айтатын әулеттің қатарында. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» демекші, заңға құрметпен қарап, оған бағыну – әрбір азаматтың парызы. Балалары сыртта Ата Заңға бағынса, үйде Әке заңына бағынады.
Еліміздің күнтізбесінде айтулы мерекелер саны баршылық. Соның ішінде күнтізбе парағындағы қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы құндылығын бағалайтын жандарға аса құрметті. Бұл күннің мерейлі мереке екенін сезіндіретін осындай құтты шаңырақ иелері. «Әке сөзі оқ» демекші, оттай атылған сөздері әрбір баласына мирас болып қалады. Бүгінде отбасындағы апамыз екеуі жас күнінде жасаған еңбектерінің жемісін тең көруде. «Отбасы күні» құтты болсын, отбасын ардақтаған Қазақ елі!
Гүлжан САРТАЙҚЫЗЫ
Төретам кенті
12 қыркүйек 2020 ж. 869 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 081

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031