» » » Киноиндустрия кенде қалған жоқ па?

Киноиндустрия кенде қалған жоқ па?

– Ет жейсіңдер ме?..
Есіңізге бірден түсті ма? Иә, бұл сонау 1963 жылы түсірілген «Менің атым Қожа» фильміндегі бала Дәулеттің сөздері. Б.Соқпақбаевтың повесінің желісімін түсірген Абдулла Қарсақбаевтың фильмін әр қазақ көрді деуге болады. Өткен ғасырда жарыққа шыққан киноны әлі күнге дейін қызыға көретініміз рас. Ал қазір дәл осы фильм секілді есте қалатын дүниелер аз емес пе?
Жалпы біздің жеріміздегі ең алғашқы кино 1925 жылы түсірілген. Сол кезде Қызылордада өткен Республика кеңестерінің V съездінің хроникалық түсірілімдері жасалған. Осы жылы Қазақстан туралы алғашқы деректі фильм – «ҚАКСР-нің мерейтойы» түсірілді. Міне, осы уақыттан бастап түрлі киностудияда «Амангелді», «Атаманның ақыры» мен «Транссібір экспрессі» секілді фильмдер жарық көрген. Тіпті аталған шығармалардың қызықты болғаны соншалық көрермендер бірнеше рет көріп, КСРО мен шетелдердің экрандарынан көрсетілген.
Тәуелсіздік жылдарында да кинематография кенде қалған жоқ. Ел ішінде тарихи жанрдағы бірнеше фильм түсіріліп, көрерменге ұсынылды. Десе де сол уақыттарда бірнеше қазақстандық режиссерлар шетел асып кете барды. Кейіннен отандық киноиндустрияда ерекше орынға ие болған «Көшпенділер» фильмі жарық көрді. 2007 жылы түсірілген «Рэкетир» фильмі деп үлкен аудитория жинап, көрермен көзайымына айналды. Бүгінгі таңда Қазақстанда жылына шамамен 12-15 фильм түсіріледі.
Шетелдік «Голливудқа» жетпесек те, елімізде жыл сайын жаңа фильмдер түсіріліп, кинематография қарқынды жұмыс істеуде. Десе де сапалы фильмдер саны көп деуге әсте келмейді. Расымен, қазіргі кезде түсіріліп жүрген фильмдердің сапасы көңіл қоншытпайды. Мәселен, ең соңғы әрі есте қалған отандық фильм қандай? Ол фильм тарихи немесе комедия жанрында түсірілген.
Расымен, қазақ режиссерлері жыл сайын комедиялық кино түсіруден алдына жан салмайды. Ал бізде басқа таңдау болмағандықтан, дәл сол шығармаларды көреміз. Себебі біздің елде ұнаған жанрындағы фильмді шертіп тұрып таңдап алатындай мүмкіндік жоқ. Оның үстіне ол фильмдердің есте сақталып қалуы қиын, тәрбиелік мәні де жоқтың қасы. Көрсетілімге кеткен 90 минутта арзан күлкіге қарқ боламыз. Ал жоғарыда айтылған «Менің атым Қожа» комедия жанрында түсірілсе де неге қалың қазақтың есінде? Себебі ол көп жылғы еңбек пен үлкен ізденістің нәтижесі. Шығарманың сәтті болғаны соншалық оны көру барысында күлкі арасынан тәрбиелік мән табасыз. Фильмде арзан күлкі сыйлайтын әзілдер тіптен аз. Өйткені оның әр сөзіндегі мағына ат үсті жазыла салған жоқ.
2010 жылдары шамасында да елде есте қаларлық біраз дүние жарыққа шықты. Талай отбасыны жылатқан «Жетімдер» фильмі әр адамның қадірін, өмірдің ойлы-қырлы соқпақтарын түсіндірді. Физикалық сапасы жоғары болмаса да, психологиялық тұрғыдан жоғары нәтиже көрсете алғаны сөзсіз.
Ал қазір ше? Қазір қазақша кино десе комедия, сериал десе драма еске түседі. Расымен, көгілдір экраннан көрсетілетін көп сериалдың желісі отбасы жайында. Ол жердегі отбасы күлерлік немесе күрсінерлік кейіпте болады. Күн сайын шайқалған шаңырақтың ұрыс-керісінен тұратын сериалдан келер ұрпақ тәрбие алады деу қиын...
Шетелдікіндей фантастика мен атыс-шабысты қаламаса да, қазаққа танымы мен тағылымы мол фильмдер аса қажет. Жыл сайын мереке қарсаңында жаттап алған киноны қайта-қайта көргеннен гөрі, жаңаша бір дүние күтеді қазіргі көрермен. Біздің тарих та, ата дәстүр де қызықты әрі мағыналы сценариға толы. Тек олардан жаңа дүние ойлап табатын режиссер мен сценарий авторлары қажет.
P.S.
Біреудің еңбегін жоққа шығару ойымызда да болмаған. Тек біздің ел де бұл салада жоғары нәтиже көрсетіп, 2724,9 шаршы метрдің ішінде емес күллі әлемге танылса деген ниет. Мүмкін талантты мамандар талайды таңдандырар дүниені жазып, түсіріп жатқан шығар. Ал олар жарыққа шыққанға дейін барға қанағат тұтып, отандық өнімді қолдай тұрамыз. Бір уақытта «Оскар» жүлдесінде отандық фильм жеңіске жетіп те қалар...

Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ

28 шілде 2020 ж. 975 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031