» » » Жегендей болдым...

Жегендей болдым...

Түркияда Стамбул қаласында Sanki Yedim Camii (Санки Йедім – Жегендей болдым) деп аталатын кішігірім мешіт бар. Бұл мешіт Осман империясы кезеңінде XVIII ғасырларда салынған. Мешіттің салыну тарихы өте қызықты. Мешітті салдырған адам ретінде екі түрлі адамның аты Кешежі Хайреттин мырза немесе Аданалы Шәкір мырза (Keçecizade Hayreddin Efendi, Adanalı Şakir Efendi) деп аталғанымен, бізге маңыздысы қалай салынғаны, яғни мешіт салуға қаржының қалай жиналғаны болып тұр.
Сол кездерде орта табысты кәсіпкер Алла тағаланың: «Алланың мешіттерін шынайы түрде Аллаға, ақырет күніне сенген, намазды толық орындаған, зекет берген және Алладан ғана қорыққан кісі жасайды. Міне солардың тура жол табушылардан болып, жетістікке жетуі үміт етіледі», – деген сүйінші аятын («Тәубә» сүресінің 18-аяты) естіп, өзі де мешіт салдыруды қалайды.
Сөйтіп нәпсі қалауларын тыңдамай, ақша жинай бастайды. Артық не әдеттен тыс бір нәрсе жеуді қалағанында «Жегендей болдым» деп, соның ақшасын бір шетке жинай береді. 20 жылдан соң жинаған ақшасы кішігірім бір мешіт салуға жететіндей болады. Стамбул қаласының Кырбаджы көшесінде бір мешіт салдырады. Бұл мешіт халық арасында "Жегендей болдым" мешіті аталып кетеді.
Ойлап қарасақ, шынында да әрбір адам осылай үнемділік жасай алады. "Көршісі аш бола тұра өзі тоқ жатқан бізден емес" деген Пайғамбар хадисін есімізге түсіріп, айналамызға бір көз жүгіртейік. Қазіргі заманда көршімен қарым-қатынас азайып кеткендіктен, жақын жерде жүргендің де жағдайынан бейхабар болуымыз әбден мүмкін. Қала ортасында тұратындықтан біздің айналамызда ондай адамдар тіпті жоқтың қасы деуіміз мүмкін. Бірақ қаланың шет жағында, ауылда мұқтаж жандардың көптігі сөзсіз. Соларға бір көмек қолымызды создық па? Немесе "Қалай көмектесе аламын?" деп ойлап көрдік пе? Бұл біздің мұсылмандығымызға сын. Ақыретте сұралмай бір адым алға жылжымайтын 5 нәрсенің ішінде мал-мүлкімізді қайдан тауып, қайда жұмсағанымыз есепке алынады. Ал мұндай ізгі амалдар жасай алсақ, есебімізді оңайынан беріп қана қоймай, таудай сауапқа да ие бола алмақпыз.

Н.РАХМЕТУЛЛАЕВ
09 қазан 2019 ж. 1 338 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031