Конституция
» » Қазақстанда мешіт салудың арнайы ережесі бекітілді

Қазақстанда мешіт салудың арнайы ережесі бекітілді

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы ел аумағында мешіт салудың ережесін бекітті. Яғни бұдан былай мешіт салғысы келгендер мүфтият бекіткен талаптарды сақтауы тиіс.

Ендігі мешіттер келетін жамағаттың санына байланысты үш деңгейде салынатын болады. Осылайша, ауылдық мешіттер 70-тен 500 адамға, аудандық мешіттер 500-ден 1 000 адамға, ал облыстық әрі қалалық мешіттер 1000-нан 5 мың адамға арналуы тиіс, деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz.

Сонымен қатар мешіттердің құрылысы бұдан былай заманауи талаптарға сәйкес жүргізілуі керек. Ал мешіттің күмбезі, мұнарасы, іші мен сырты жергілікті дәстүрге  сай безендірілуі қажет.

Айта кетсек, бүгінде елімізде 2 626 мешіт бар екен. Олардың 38-і өткен жылы пайдалануға беріліпті.
17 қаңтар 2019 ж. 2 042 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031