» » Қазақстандағы алғашқы автомобиль туннелі қашан пайдалануға беріледі?

Қазақстандағы алғашқы автомобиль туннелі қашан пайдалануға беріледі?


Көлік министрлігі еліміздегі алғашқы автомобиль туннелі - Шақпақ баба асуындағы құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімін атады, деп хабарлады turkystan.kz.
Жол құрылысы маусымы аясында министр Марат Қарабаев бастаған көлік министрлігінің өкілдері ел өңірлеріне тұрақты түрде жұмыс сапарын жүргізуде. Сала министрі жұмыс сапарымен Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласына барды. Сапар барысында министр бірқатар инфрақұрылым нысандарының құрылысымен танысты.
Мемлекет басшысының былтыр қазан айындағы Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында берген тапсырмасына сәйкес бұл учаскедегі жұмыстар аса маңыздылыққа ие. Марат Қарабаев республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» күре жолының «Қызылорда-Сексеуіл» учаскесінде қолға алынған жұмыстарды тексерді. Қызылордадан Сексеуілге дейін қайта құру жұмыстарымен 463 шақырым жол қамтылады.
Сонымен қатар Шақпақ баба асуы арқылы өтетін елміздегі алғашқы автомобиль туннелінің құрылысы қашан аяқталатыны белгілі болды.
«Биыл жазда Шақпақ баба асуы арқылы өтетін туннельдің құрылысын аяқтап, халыққа пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бетон және асфальтбетон жұмыстары толығымен аяқталды, сондай-ақ жарықтандыру орнатылды. Қазір бейнебақылау және газ құбырларын өткізу, желдету мен өртке қарсы құрал-жабдықтар орнату жұмыстары жүргізілуде. Басты жұмыстар аяқталды», - деп атап өтті автомобиль жолдары комитетінің өкілдері.
Ашылғалы жатқан туннель көлік жүргізушілеріне қыста Шақпақ баба асуында боранды күндері қар құрсауында қалып кетпеуіне жол ашады.
10 мамыр 2024 ж. 1 404 61

mostbet az indir от 27 шілде 2026 21:57
Məsuliyyətli oyun — bu o deməkdir oyunçunun davranışını tənzimləməsi və qumarın əyləncə olaraq qalması üçün prinsiplər toplusudur. Bu yanaşma vaxt və maliyyə məbləğlərinə limitlər müəyyən etməyi, həmçinin təhlükəli oyun əlamətlərini tanımağı nəzərdə tutur. Bu, bu yanaşma oyunçulara mərc ərzində nəzarəti qorumağa imkan verir və arzuolunmaz fəsadların minimuma endirməyə yönəldir. https://www.logocompany.in/how-it-work.php

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 839
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930