» » » «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» форумы өтті

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» форумы өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде   Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша II Республикалық форум өтті.
Форумның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын қолдау мақсатында еліміздің тарихи, аймақтық, музей білім беру ұйымдарын, белсенді азаматтарын қосу арқылы елдің бірыңғай мәдени кеңістігін дамыту болды.
Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабардар еткендей, форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, өңірлердің мәдениет, туризм басқармаларының басшылары, республикалық, облыстық музейлер мен музей-қорықтардың директорлары, белгілі ғалымдар және т.б. қатысты.
Форумда 2017 жылы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындысы шығарылып, келесі жылдарға арналған жоспарлар талқыланды.
Сонымен қатар, республикалық форум аясында «Рухани жаңғыру» атты көрме залы тұңғыш рет есігін айқара ашты. Көрмеде тарихи-құнды жәдігерлер келушілер назарына ұсынылды.  «Сақтар қазынасы» атты ерекше қойманың ашылу салтанаты өтіп, келушілердің назарына бірінші рет сақ, сармат дәуіріне жататын жәдігерлердің түпнұсқалары ұсынылды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы негізінде құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы мен «Туған жер»  қазақстандық өлкетанушылар қоғамдық бірлестігі 2017 жылы ауқымды жобаларды сәтті аяқтады. Жоба шеңберінде ғылыми экспедициялар ұйымдастырылған болатын. Бұл экспедициялардың нәтижелері екі кітап болып басылып шықты: «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары», «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары».
Кітаптарда қасиетті нысандардың иллюстрациялық материалы, тарихи деректер, сондай-ақ аңыздар бар. Бұл жұмыстар оқу орындарында әдістемелік нұсқаулық, туристерге арналған анықтамалық материал ретінде өмірдің түрлі салаларында қолданылуы мүмкін.
Астана қаласы және Ақмола облыстарының, Алматы қ. мен Алматы облысының сауықтыру нысандарын қамтитын қазақ және орыс тілдеріндегі 2000 дана тиражбен Қазақстанның қасиетті нысандарына арналған энциклопедияның бірінші томы дайындалып жарияланды. Энциклопедияда нысандардың көрнекі материалы және олардың орналасу карталары көрсетілген.
Кездесу барысында атап көрсетілгендей, тарихи нысандар туралы қысқаша және толық ақпарат және «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» көп функционалды виртуалды картасы таныстырылды. Фотогалерея, бейнелеу галереясы, қолданылатын қозғалыстағы белгішелер бар. Бұдан басқа, өзіңіздің смартфоныңыз, планшетіңіз немесе компьютеріңіз арқылы экскурсияға баруға болады.
Сондай-ақ, өңірлік маңызы бар объектілер бойынша «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» интерактивтік карта халық назарына ұсынылды.
Әлеуметтік желілер үшін Қазақстанның жалпы ұлттық қасиетті объектілері туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі 40 секундтық хронометражды мобильді форматтағы бейнероликтер жұртшылыққа жол тартты.
«Министрлік өткен жылы еліміз бойынша Қ.А.Яссауи, Арыстанбаб кесенелері, Бекет ата, Сисем ата қорымдарының нысандары, Көне Тараз, Көне Түркістан, Отырар, Сауран, Сарайшық қалашықтары, Абай Құнанбаев мемориалдық кешені тәрізді 25 тарих және мәдениет ескерткішін реставрациялады. Олардың көпшілігі танымал киелі орындарға жатады.
Сондай-ақ, киелі орындар көп шоғырланған республикалық «Ұлытау», «Отырар», «Таңбалы» тарихи-мәдени музей-қорықтарының туристік тартымдылығын жақсарту мақсатында биыл олардың Сапар орталықтарының құрылысын бастаймыз. Бұл сапар орталықтар заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, туристерге жоғары деңгейде қызмет көрсетуге, мәдени-ағарту, ғылыми зерттеу жұмыстарын жандандыруға үлкен үлес қосады» – деп атап өтті форум ұйымдастырушылары.
18 қаңтар 2018 ж. 27 510 4 773
Пікір қалдыру

Пікір 4 773

canadian online pharmacy от 20 қыркүйек 2019 17:25

canadian pharmacies shipping to usa от 21 қыркүйек 2019 20:40

online drugstore от 28 қыркүйек 2019 04:49

Гость canadian pharmacy от 4 қазан 2019 08:31

online drugstore от 5 қазан 2019 10:07

online pharmacy от 7 қазан 2019 16:03

online pharmacy canada от 10 қазан 2019 20:46

online pharmacy от 11 қазан 2019 12:51

online pharmacies от 22 қазан 2019 19:22

online drugstore от 23 қазан 2019 09:00

canadian pharcharmy online от 26 қазан 2019 00:04

online drugstore от 26 қазан 2019 00:59

canadian online pharmacy от 26 қазан 2019 09:53

online pharmacy от 27 қазан 2019 15:12

online pharmacy от 16 қараша 2019 16:38

online pharmacies canada от 16 қараша 2019 16:50

Гость canadian pharmacy от 19 қараша 2019 17:15

canadian pharmacies online от 22 қараша 2019 15:35

canadian pharmacies от 30 қараша 2019 15:59

canadian online pharmacy от 2 желтоқсан 2019 10:12

Гость canadian pharmacy от 3 желтоқсан 2019 05:32

online pharmacies canada от 3 желтоқсан 2019 10:49

canadian pharmacies от 5 желтоқсан 2019 01:42

canadian pharmacies online от 5 желтоқсан 2019 18:13

canadian pharmacies online от 15 желтоқсан 2019 00:11

canadian pharmacies online от 30 желтоқсан 2019 19:14

canadian pharmacies online от 31 желтоқсан 2019 23:06

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031