» » » «TOP RESA-2018»: Париждегі көрмеде қазақстандық павильон бар

«TOP RESA-2018»: Париждегі көрмеде қазақстандық павильон бар

Парижде «TOP RESA-2018» атты халықаралық туристер көрмесі ашылды.
Әлем елдері ұсынған 230 стендтің арасында қазақстандық павильон да бар. Жобаға еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің Индустрия және туризм комитеті ұйытқы болды. Ұйымдастыру жұмыстарына Қазақстанның Франциядағы елшілігі де қолдау көрсетті.
Бүкіл әлем саяхатшылары мен туризм саласының өкілдеріне танымал ТОР RESA-2018 халықаралық туристік көрме ашылды. Париждегі ЭКСПО орталығында 40-рет өтіп жатқан көрмеге 2050 туристік компанияның өкілдері қатысады. Отандық туризм саласы мен ұлттық мәдениетімізбен таныстыратын қазақстандық павильон өз әсемдігімен ерекше көзге түседі.
Жан Ғалиев, Қазақстанның Франциядағы Төтенше және лауазымды елшісі:
- Биыл Қазақстан мен Франция арасында стратегиялық серіктестік орнағанына 10 жыл. Осыған байланысты түрлі мәдени және спорт шараларын қамтитын Франциядағы Қазақстан күзі жобасын ұйымдастырдық. Осы жоба аясында туризмді дамытуға арналған осы көрмеге де қатысып отырмыз. Бұл Франция және бүкіл Еуропа жұртшылығының елімізге қызуғышылығын арттыратынына үміттіміз.
Фредерик Лорэн, «ТОР RESА-2018» көрмесінің департамент директоры:
- Көрмемізге қош келдіңіздер, Қазақстанды осында қарсы алып отырғанымызға ризамыз. Қысқа үзілістен кейін елдеріңіз көрмеге қайта қатысып отыр, сол себептен Қазақстанмен қайта көріскенімізге ерекше қуаныштымыз. Осындай өте әдемі туристік бағытты ашуға асығып отырмын.
Қазақстан павильонының тұсаукесері туризм саласының мамандары мен жұртшылық тарапынан ерекше қызығушылық тудырды. Олар еліміздің бай мәдениеті мен тарихы һәм әсем табиғатымен танысып, ұлттық тағамдарымыздан дәм татты. Халық биінің көркіне тәнті болып, домбыра үнін естіді. Батырларымызбен арқан тартысып та жарысты.   
Гүлмира Мұхтарова, «Есік» тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры:
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қорық-мұражайларға, киелі орындарға өте үлкен көңіл бөлініп отыр. Қазір киелі орындардың картасы жасалады. Біздің кезінде Алтын адам табылған «Есік» қорық-мұражайы сол киелі орындардың біріне жатады. Қазір Мәдениет және спорт министрілігі қорық-мұражайларды, туристік, жалпы ғылыми мекемелердің дамыту саласына үлкен көніл бөлуде. Бұл көрмеге біздің қатысу басқа өзіміз сияқты ғылыми мекемелермен, шетелдердің, соның ішінде әсіресе Еуропа елдермен қарым-қатынас орнатуға үлкен септігін тигізеді деп ойлаймыз.
Дельфина Аттиас, көрмеге келуші:
- Қазақстандық стенд керемет безендірілген. Елдеріңіздің бар көркін: әдемі табиғаты, сондай-ақ мәдениеті мен тарихын паш етіп отыр. Жақында Қазақстанға барып қайттым. Алматыдан Ақтауға дейін саяхаттадым. Шарын шатқалы мен Түркістанда болдым. Ұлттық саябақта атқа міндім, Маңғыстау шөліндегі әйгілі жерасты Бекет ата мешітіне бардым. Елдеріңіздің ауданы Еуропамен шамалас, сондықтан бәрін көру үшін уақыт керек. Жақын арада Қазақстанның солтүстігін де көремін деген үміттемін. 
Халықаралық туристік көрме 28 қыркүйекке дейін жұмыс істейді. Осы кезге дейін Қазақстандық павильонды ондаған мың турист көреді деп жоспарланған.
24.kz
27 қыркүйек 2018 ж. 1 129 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031