» » » «Ел іші-өнер кеніші»

«Ел іші-өнер кеніші»

qarmaqshy-tany.kz Тұрмағамбет ауылында ауылдық клуб үйінің ұйымдастыруымен, "Тұрмағамбет"ЖШС-нің қолдауымен ауылдық округ әкіміне қарасты мекемелер арасында «Ел іші-өнер кеніші» атты өнерлілер сайысының ІV кезеңі болып өтті. Бұл кезеңде Т.Ізтілеуов атындағы №29 мектеп ұжымынан құрылған «ҰЛАҒАТ ҰЯСЫ», ауылдық кәсіпкерлер ұжымынан құрылған «БЕРЕКЕ» командасы бақ сынасты. Сайыстың қорытындысында 180-178 ұпай жинап,«БЕРЕКЕ» командасы жеңіске жетті.
Сайыстың жалпы қорытындысы бойынша Бас жүлдемен-"БЕРЕКЕ" командасы,
І орынмен- "ҰЛАҒАТ ҰЯСЫ" командасы,
ІІ орынмен-"БАЛАБАҚША БАҒБАНДАРЫ" командасы,
ІІІ орынмен- "ЛИДЕР" және "ДЕНСАУЛЫҚ" командалары марапатталды. Номинациялар бойынша:
"ҮЗДІК ТАНЫСТЫРЫЛЫМ- "БІРЛІК" командасы,
"ҮЗДІК ЖЕКЕ ӘН"- "ӨНЕР ТАРЛАНДАРЫ" командасы,
"ҮЗДІК СӘН ҮЛГІСІ"- " БАЛАБАҚША БАҒБАНДАРЫ" командасы
"ҮЗДІК САХНАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМ"- "ДЕНСАУЛЫҚ КОМАНДАСЫ"
"ҮЗДІК ЖЕКЕ БИ НОМИНАЦИЯСЫ"-" ЛИДЕР" командасы Мүтәлов Бағдат.
"ҮЗДІК ТОПТЫҚ БИ"-"БАТЫР АНА ҚЫЗДАРЫ" командалары марапатталды.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарылқасын Дәулетов, Қазақстан Республикасының Журналистер Одағының мүшесі Үрліхан Өндібаева, зейнеткер әжелеріміз Сәдуақасова Гүлайым, Смайылова Гүлдарайхан әжелеріміз рухани демалыс сыйлаған барша командаларға, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
Ауыл тұрғындарын рухани демалдырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған барша мекемелерге және шараға демеушілік жасаған "ТҰРМАҒАМБЕТ" ЖШС директоры Нұржан Айдарбекұлына және Дәуіржан Аманқосұлына ауыл әкімі аппаратының және халықтың атынан үлкен алғысымызды айтамыз.
27 ақпан 2023 ж. 735 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 411
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728