» » » Парижде Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті

Парижде Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті

Атақты әнші Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы аясында Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Қазақстан өнер шеберлерінің концерті өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

МСМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Майра Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ренат Гайсин, Жұбаныш Жексенұлы, Медет Шотабаев және тағы басқалар өнер көрсетті.
Іс-шараны ашқан Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев әншінің 100 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізу Роза Бағланованың сіңірген еңбегі мен талантын жоғары мойындау екенін атап өтті.

Роза Тәжібайқызының шығармашылығы мен өмір жолын Қазақстаннан тыс жерлерде біледі. Ол біздің мәдениетіміз бен өнерімізді насихаттай отырып, көптеген елдерге гастрольдік сапарлармен шыққан. Оның бұлбұл дауысы 50-ден астам елдің көрерменін таңдандырды. 1957 жылы ол Венгрия, Германия, Қытай, Польша, Чехословакия, Ауғанстан, Үндістан, Австрия, Бельгия, Бирма, Швеция, Канадада концерттер берді. Оның репертуарында қазақ халық әндері, заманауи композиторлардың шығармалары, әлем халықтарының әндері үйлесімді көрініс тапты. Мұның бәрі Роза Бағланованың жай әнші емес екенін, оның есімі тарихта алтын әріптермен жазылған бүкіл дәуірдің алтын дауысы екенін көрсетеді, - деді Дәурен Абаев. 
Айта кету керек, өткен жылы ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізімі қабылданды және ол тізімге Қазақстанның ұсынысы бойынша Роза Бағланованың 100 жылдығы қосылды.
Сонымен қатар, Парижде Дәурен Абаев ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азулемен кездесті. Тараптар мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын және одан әрі ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Кездесу барысында Дәурен Абаев Одри Азулеге Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын насихаттауға және жаңғыртуға, сондай-ақ еліміздің мәдени іс-шаралары мен айтулы күндерін ЮНЕСКО күнтізбесіне енгізуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Сондай-ақ, ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде әлемге әйгілі ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов басқаратын Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының тұсаукесері өтті.

Тұсаукесер барысында Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының ақпараттық материалдарымен, оның ішінде "Білгамеш" әлеуметтік және мәдени зерттеулер альманахының арнайы нөмірінің таныстырылымы мен көрме ұйымдастырылды. Көрме секцияларында орталық қызметінің негізгі бағыттары мен нәтижелері туралы ақпарат, сондай-ақ адамзаттың басқа мәдениеттерімен өзара байланыс контекстінде түркі мәдениетіне арналған материалдар ұсынылды.
Сонымен қатар, Францияға жұмыс сапары аясында ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы Роза Кәріпжанова мен ҚР Ұлттық музейі директорының м.а. Айбек Сыдықов Лувр музейінің басшылығымен кездесті. Тараптар Парижде алдағы көрмені ұйымдастыру, бірлескен зерттеулер жүргізу және екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Француз тарапы Қазақстандағы ислам тарихына және соңғы уақытта жүргізіліп жатқан археологиялық қазбаларға байланысты экспонаттарға қызығушылық танытты. Кездесу соңында тараптар бірнеше жобаны одан әрі бірлесіп іске асыру туралы уағдаласты.
05 қазан 2022 ж. 807 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031