Қазақстандық музыканттың туындысы "Грэмми" сыйлығына ұсынылды
Қазақстандық Иманбек Зейкеновтің (Imanbek) Roses SAINt JHN композициясына "Грэмми"(Grammy) сыйлығына ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


"Мені "Грэммиға" ұсынды, бұл өте керемет. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін көп рақмет", - деп жазды әлеуметтік желіде диджей.
Айта кетейік, Иманбек "Грэммиге" ұсынылған алғашқы қазақстандық атанды. Ремикс YouTube-те 117 миллионнан астам рет қаралды.
Мараптты табыстау рәсімі 2021 жылдың 31 қаңтарында өтеді. Номинациялар саны бойынша абсолютті көшбасшы — Бейонсе. Тейлор Свифт, Дуа Липа және Родди Ричтің әрқайсысында алты номинация бар.
Ремикс сыйлығының номинанттары: Phil Good-do You Ever (Rac Mix), Deadmau5 - Imaginary Friends (Morgan Page Remix), Jasper Street Co. - Praying for You (Louie Vega Main Mix), Saint Jhn - Roses (Imanbek Remix), Bazzi - Young & Alive (Bazzi vs. Haywire Remix).
Музыкалық тұрғыдан танылғанға дейін Иманбек Зейкенов Павлодар облысындағы темір жолда жұмыс істеді, ал ремикстерді жасау ол үшін қызығушылық болған.