» » » Димаш Құдайберген доктарантураға түсті

Димаш Құдайберген доктарантураға түсті

Димаш Құдайберген Қазақ ұлттық өнер университетінің докторантурасына оқуға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы университеттің Instagram-дағы ресми парағында баспасөз қызметі хабарлады.

«2020-2021 оқу жылына арналған Қазақ ұлттық өнер университетінде докторантураға қабылдануға үміткерлердің тізімі жарияланды.

Олардың ішінде музыкатану мамандығы бойынша Құдайберген Дінмұхаммед Қанатұлы бар.

"Оқуға түскен түлектерді құттықтаймыз және болашақ ғылыми дәрежелерін абыроймен қорғауларына тілектеспіз!" - делінген хабарламада.

Айтпақшы, 18 маусымда Қазақ ұлттық өнер университеті Димаш Құдайбергеннің ««Дәстүрлі музыкалық өнер өкілдерінің тұлғалық бейнесі» атты магистрлік диссертациясын қорғады.

Коронавирустық инфекция қаупіне байланысты емтихан қашықтық форматта өтті.

«Композиция» мамандығының магистранты ең жоғары бағаға - 100 балл алды. Ол сонымен қатар докторантураға түсу туралы ұсыныс алды», - деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.
04 қыркүйек 2020 ж. 1 040 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 206
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 78

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031