Құрылтай
» » » Шілдеде ауа-райы қандай болады?

Шілдеде ауа-райы қандай болады?

Синоптиктер 2019 жылғы шілде айына арналған консультативтік болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шілде айында синоптикалық жағдайдың жиі өзгеруі болжанады: батыс антициклондардың енуі оңтүстік циклондардың шығуымен ауыстырылады. "Айдың басында солтүстік өңірлерге Скандинавия аудандарынан циклон ығысады, онымен бірге дауылды жел соғады, жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр болжанады, сондай-ақ бұршақ, найзағай және дауыл түріндегі конвективті құбылыстар күтіледі. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында ауа температурасы күндіз +17+26ºС-қа дейін төмендеуі болжанады. Оңтүстікте қатты ыстықтан кейін ауа температурасы +25+33ºС-қа дейін төмендеуімен қатар нөсер жаңбыр жауады. Бірінші онкүндіктің соңына қарай ауа температурасы біртіндеп жоғарылай бастайды", - дейді мамандар. Ал екінші және үшінші онкүндіктерде сынап бағаналары солтүстік, орталық пен шығыста түнде +10+15ºС-тан +15+20ºС-қа дейін, күндіз +25+30ºС-тан +30+38-қа дейін ауытқиды; республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батысында түнде +15+20ºС-тан+20+30ºС-қа дейін, күндіз +30+38ºС-тан +35+45ºС-қа дейін ауытқитыны айтылады.

03 шілде 2019 ж. 1 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 588
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 050

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31