» » » Кәсіпкерлер назарына!

Кәсіпкерлер назарына!

qarmaqshy-tany.kz Елімізде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытумақсатында биылғы жылдан бастап әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің реестрі жүргізілуде.
Реестрді жүргізу үшін Үкіметпен арнайы қағида қабылданған. Қағидаға сәйкес бұл электрондық дерекқорға ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда дара кәсіпкерлермен заңды тұлғалар 4 санатта енгізіледі. Атап айтқанда:
Бірінші санатқа – халықтың әлеуметтік осал санаттарын жұмыспен қамту мәселелерін шешетін кәсіпкерлер (олардың кәсіпорындарындағы осы санаттағы қызметкерлердің үлесінің жалпы санының кемінде 51%-н құрауы тиіс);
Екінші санатқа – халықтың әлеуметтік осал топтарындағы кәсіпкерлер;
Үшінші санатқа – халықтың әлеуметтік осал топтарына қызмет көрсететін немесе оларға арнап тауарлар өндіретін кәсіпкерлер;
Төртінші санатқа – экология, білім, мәдениет, өнер және т.б. мәселелерін шешумен айналысатын кәсіпкерлер жатқызылады.
Реестрге енгізілген кәсіпкерлерге қаржылық, мүліктік, инфрақұрылымдық, институционалдық және ақпараттық қолдау, салықтық жеңілдіктер секілді мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.
Мәселен, ерекше қажеттіліктері бар қызметкерлер саны 51% құрайтын ұйымдар корпоративтік табыс, әлеуметтік және жер салықтарынан босатылады, мүлік салығын есептеу кезінде жеңілдіктерге ие болады.
Сонымен қатар, барлық салық төлеушілер үшін, тіпті әлеуметтік кәсіпкерлер болып табылмайтындар үшін келесі жеңілдіктер қарастырылған:
- мүлікті (коммерциялық емес және әлеуметтік ұйымдарға) өтеусіз беру немесе қайырымдылық көмек көрсету кезінде құнына салық салынатын табыс мөлшері 4%-ға дейін төмендетіледі;
-мүгедектігі бар адамдарға төленген жалақының 2 еселенген мөлшеріне және мүгедектігі бар адамдарға төленетін жалақыдан және басқа да төлемдерден әлеуметтік салық сомасынан 50%-ға салық жүктемесі төмендетілді;
- мүгедектігі бар адамдар жеке табыс салығын төлеуден босатылды (күнтізбелік жылға 882 еселенген АЕК немесе 2,4 млн теңге шегінде).

Кәсіпкерлерді реестрге енгізу үшін Қағидаға сәйкес тоқсан сайын хабарландыру беріліп, арнаулы комиссияның қарауына енгізу үшін құжаттар қабылданады.
Толық ақпаратты Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы және Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы арқылы алуға болады. Байланыс телефондары: 8 (7242) 60-54-08, 40-02-02, 40-09-81

13 желтоқсан 2022 ж. 701 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 596
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 376

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031