» » Бурабайға жарысқа келген 17 жастағы бозбала көз жұмды

Бурабайға жарысқа келген 17 жастағы бозбала көз жұмды

Ақмола облысында "Жас құтқарушы" халықаралық жарысына қатысуға келген жас жігіт суға батып кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.
    Облыстықтөтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 19 шілде күні болған. 16:20-де Бурабай ауданындағы Үлкен Чебачье көлінде жасөспірімнің суға кеткені жөнінде хабар келіп түскен. Мәйіт бірден Көкшетау қаласына сот-медициналық сараптамаға жіберілген.
– 20 шілдеде сараптама жасатып, құжаттарды рәсімдегеннен кейін Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. Сол жерден "Эйр Астананың" КС 341 ұшағымен Шымкент қаласына жөнелтуге тиіс болатын. Алайда, рейс белгісіз себеппен екірет кейінге қалдырылды. Бүгін таңертең марқұмның денесін Шымкентке жеткізіп, туыстарының қолына беру үшін әріқарай Таразға алып кетті, – деп мәлім етті облыстық ТЖД.
    Ведомстводаатап өткендей, қайғылы оқиға "Жас құтқарушы" халықаралық жарысы аяқталғаннан кейін болған."Тараздық команда 19 шілде кешкі 22:30-да пойызға мініп, жолға аттануға тиіс болатын. Сондықтан сапар алдында қатысушылар Бурабай курортын аралауға шыққан. Балалардың жанында жаттықтырушы менкоманда өкілі болған", - деп қосып өтті ведомстводан.
21 шілде 2019 ж. 640 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 843
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 564

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930