» » ТОҚАЕВ: Экономикалық көрсеткіштердің барлығы халықтың тұрмысына оң ықпал етуі тиіс

ТОҚАЕВ: Экономикалық көрсеткіштердің барлығы халықтың тұрмысына оң ықпал етуі тиіс

кеше мемлекет басшысы қасым-жомарт тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. Жиынға Премьер-Министр, Президент Әкім­шілігінің Басшысы, Үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, Қазақстан Пре­зидентіне тікелей бағынышты орталық мем­лекеттік органдардың басшылары қа­тыс­ты.
Отырысты ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы бірінші жартыжылдығындағы елі­міздің әлеуметтік-экономикалық даму қоры­тындыларына тоқталды. 
– Қаңтар-маусым аралығында жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік деп айтуға болады. Атап айтсақ, экономикалық өсім 4,1 процентті құрады. Инфляцияның жылдық көрсеткіші 5,4 процент болды. Негізгі ка­питалға салынған инвестициялардың кө­лемі 11,7 процентке өсті. Әрине, аталған эко­­номикалық көрсеткіштердің барлығы халықтың тұр­мысына оң ықпал етуі тиіс, – деді Мемлекет басшысы.
Жиын барысында Премьер-Министр А.Мамин, Ұлттық банктің төрағасы Е.Досаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р.Скляр, Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрі Б.Сапарбаев, Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров, Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев, Қарағанды облысының әкімі Е.Қошанов және Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев баяндама жасады.
Қазақстан Президенті спикерлердің назарын банк секторындағы мәселелерге, қиын жағдайға тап болған азаматтардың тұтыну кредиттеріне қатысты қарыз жүктемелерін төмендету шараларын жүзеге асыру міндетіне аударды. Сондай-ақ, коммуналдық қызмет көрсету және тұрғын үй қорын басқару мәселелері бойынша тұрғындар тарапынан түс­кен арыз-шағымдардың көптігін атап көрсетті. 
Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің баяндамасына тоқталып, өз тапсырмасы бойынша қажетті қаржы бөлінгенін айтты.
– Уақыт өте тығыз. Біз бұл жұмыстарды қысқа мерзім ішінде аяқтауымыз керек. Еліміздің азаматтары, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, өңірлер, отандық бизнес  және бірқатар шетелдік инвесторлар зардап шеккендерге материалдық және моральдық қолдау көрсетті. Бұл – хал­қы­мыздың береке-бірлігінің арқасы және тұ­­таст­ығымыздың көрінісі. Бәріне зор ри­за­шылығымды білдіремін, – деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс ми­нис­трлігіне әскери қоймаларды көшіру жұ­мыстарын шұғыл түрде бітіру қажет екенін айтты.
Мемлекет басшысы Арыстағы жарылысқа кінәлілердің барлығын жазалауды тапсырды. Сондай-ақ, әскери ведомствоға бақылауды әлсіреткені және жарылысқа жол берілгені үшін Қорғаныс министрі Н.Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялады.
– Қазір оқиғаны зерттеу үшін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша Президент Әкімшілігі мен Қауіпсіздік Кеңесі кінәлілердің бәрін қатаң жазалау жөнінде ұсы­ныс енгізуі қажет. Бұл қауіптілігі жо­ғары нысандарға жақын жерге құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат берген аза­маттық мемлекеттік қызметшілерге де қа­тысты. Кінәлілердің бәрі қатаң жауапқа тартылып, жазалануы тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Президенті 20 тамызға дейін басқа да осындай нысандарға егжей-тегжейлі талдау жасау үшін Қорғаныс министрлігіне, сондай-ақ, ескертулер мен төтенше жағ­дайларды жоюға жауаптылардың фун­к­ционалдық дайындықтарын және қызметтің тиімділігін арттыру жөнінде Үкіметке тапсырма берді.
Баяндамаларды тыңдаған Мемлекет басшысы Үкіметтің, Ұлттық банктің және өңірлер әкімдерінің жұмыстарына оң баға берді. Қасым-Жомарт Тоқаев қорытынды сөзінде бағдарламалық құжаттар мен сайлауалды бағдарламаның жүзеге асырылу тиімділігін арттыру қажеттігін айтты.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру үшін жасалған Үкіметтің жобалық офисінің жұмысымен танысты. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жобалық офисті ұйымдастырудың негізгі жолдары, басым бағыттары, мақсаттары мен міндеттері жөнінде мәлімет берілді.
17 шілде 2019 ж. 593 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031