Алматы әкімі жастарды бірге жұмыс істеуге шақырды
Алмалы ауданын аралаған Бақытжан Сағынтаев коммуналдық желілердің жағдайымен, абаттандырумен және мегаполис жолдарында жаяу жүргіншілердің жарақат алуы мен жол-көлік оқиғалары санын азайту шараларымен танысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алмалы ауданында аулаларды күрделі жөндеуден өткізу, газбен қамтуды дамыту, объектілерді, соның ішінде ең алдымен мектептер мен бала бақшалдарды сейсмикалық күшейту қажет. Бұлардан өзге, тозған желілерді жөндеп, жеке үйлерді орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу керек. Аудан әкіміне осы мәселелерді шешудің нақтылы іс-қимыл жоспарын әзірлеу тапсырылды. Бақытжан Сағынтаев аудан әкімі Б.Торғаевқа экологиялық менеджментті жақсарту, апатты ағаштарды жойып, жасыл желектерді қорғау бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды.
Ауданды аралаған Бақытжан Сағынтаев "Алматы Тазалықтың" жұмысымен және жаңа өндірістік базаның құрылысымен танысты. Модернизация барысында базада жылы гараждар, тұз еріткіш тораптар, құм-тұз қоймасы және көлік жуатын орындар болады. Кәсіпорынның басты міндеті - қаланы барынша таза ұстау, қоқысты дер кезінде жинау, арықтар мен жауын кәріздерін тазарту және алдағы қысқы маусымға дайындалу. Бұдан өзге, Алматы әкімі өтпелі жолдардың қауіпсіздігі мен жолдардағы ЖКО оқиғалары мәселелерін қарады. Әкім реттелмеген өтпелі жолдарды абаттандыруды және оларды жарықтандыруды міндет етіп қойды.
Қала басшысы "Қала адамдар үшін" концепциясы аясында Жібек жолы көшесін модернизациялауға қатысты жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының қарқынын тексерді. Бағдаршаммен реттеудің, видеобақылау жүйесін дамытудың тиімділігі сөз болды. Бақытжан Сағынтаев жолдарда өлім мен жарақат алуды азайту жөніндегі Vision Zero Almaty бағдарламасы аясында жол инфрақұрылымын реконструкциялауды тексерді. Бағдарлама жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған және жол-көлік оқиғасы кезінде өлім-жітімді азайтудың оң шараларын ұсынады. Жоспарда жолға, көшеге, жол белгілеріне жол қозғалысына қатысушыларды бейімдеу мен қоғамдық көлік қауіпсіздігін күшейту басты назарға алынған. Сағынтаевтың айтуынша, қаланы дамыту барысында жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің ортақ мүддесін қалыптастыру өте маңызды. Дәл осы күні қала басшысы жарты миллионға жуық қала тұрғындарын жылу және ыстық сумен қамтамасыз ететін сонау 1985 жылы салынған Төле би көшесі бойындағы жылу магистралін модернизациялаудың барысын тескерді. Биылғы жылы мұнда жарылу қаупі бар бөліктерге ғана реконструкция жүргізілуде.
Қала басшысы жүргізілген жұмыстың сапасына бақылауды күшейтуді және дер кезінде аяқтауды тапсырды. Бақытжан Сағынтаев қаланың арық жүйелері мен каналдарының жағдайымен танысты. Қала басшысы арықтар мен жауын кәріздерін инвентаризациялауды және оларды реконструкциялауды міндеттеді. Алматы әкімі сел мен көшелерін су басып қалу себептерін жоюды тапсырды. Су басып қалу қаупі бар учаскелер қала әкімінің бақылауына алынды. Су басып қалу қаупінің алдын алу, оларға жедел назар аудару және зардаптарды жою үшін жұмыстарды үйлестіретін орталықтандырылған жүйе енгізіледі. Бұл іспен ТЖД мен аудан әкімдері түбегейлі айналысатын болады. Қала әкімі "АлматыСпецТехПаркингтің" жұмысымен танысты.
Жобада әлемнің ірі қалаларының тәжірибелері негізінде автокөлік тұрақтарын ретке келтіру үшін ақылы тұрақтар желісін қалыптастыру, қала аумағын тиімді пайдалану және тұрғындар үшін жайлы орта жасау қарастырылған. Қазіргі кезде қалада 5909 тұрақ орындары бар, олардың 186 - мүгедек жандардікі. Тұрақтар кеңістігі құрамына тұрақтар, қозғалыстарды ұйымдастыру, қоғамдық көлік пен автомобильдерді эвакуациялау қызметі енген орталықтандырылған бірыңғай жүйе арқылы басқарылады. Алмалы ауданын аралаған кезде Бақытжан Сағынтаев көлік және жол инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ірі жобаларды жүзеге асыруға қатысып жүрген қаланың белсенді жастар өкілдерімен әңгімелесті. "Қаланың шет аудандарында көлікті дамыту идеяларын талқылау үшін олармен кездесуді жоспарлаудамын. Ынталы белсенді жастар, жастар және еріктілер ұйымдары мегаполисті дамыту бойынша түрлі жобаларға белсенді түрде қатысулары тиіс деп есептеймін. Барлығыңды бірге жұмыс істеуге шақырамын. Қала басқармалары мен аудан әкімдіктері қолжетімді болулары әрі ести де, тыңдай да білулері тиіс", - деді Сағынтаев. Ауданды аралаған Бақытжан Сағынтаев мәнерлеп сырғанушы Денис Теннің құрметіне ашылған ескерткішке арнайы барып, гүл шоқтарын қойды.