» » Жеке қабылдауын өткізді

Жеке қабылдауын өткізді

Аудандық мәслихат депутаты Раева Күлжауһар Төлегенқызы филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан тұрғындарының жеке өтініштері бойынша қабылдау жүргізді. Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылының тұрғындары көп балалы ана, Сейтова Эльмира Төлегенқызы, Асанова Нурсулу Мирамбековна және Ақтөбе ауылының тұрғыны Бөлекбаева Алтынай Ералықызы қабылдауда болды. Қабылдауда Иіркөл ауылының тұрғындары Э.Сейтова, Н.Асанова әлеуметтік жағдайларының төмендігін айтып, ХоумБанк және Каспий банк арқылы алынған несие қарыздарын төлей алмай жүргендерін жеткізді. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығына сәйкес қандай шаралар қабылданатындығы жөнінде сұрап келген болатын. Өтініш иелерінің мәселері бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы 2019 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тиісті кеңестер берілді.
Сондай-ақ Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылының тұрғыны А.Бөлекбаева зейнеткерлікке шығуына байланысты зейнетақы көлемі қанша мөлшерде шығатындығы жөнінде сұраған болатын. Нәтижесінде зейнетақы мөлшері еңбек өтіліне, айлық табысына, бала санына және зейнетақы қорына байланысты есептелетіндігі түсіндірілді.

04 шілде 2019 ж. 887 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 888
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30