» » Ақайда АҚ "Казпочта" бөлімшесі іске қосылды

Ақайда АҚ "Казпочта" бөлімшесі іске қосылды

Ақай ауылдық округінде «NOMAD» сауда орталығынан АҚ «Казпочта» франчайзингтік бөлімшесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жеке кәсіпкер Ақай ауылының тұрғыны Абсалыков Серик Сайлауович АҚ «Казпочта» бөлімшесін ашуға ат салысып, бүгіннен бастап өз жұмысын бастады. Ашылу салтанатында ауыл әкімі Г.Умарова құттықтау сөз сөйлеп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, «Ақсақалдар алқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж.Қыпшақбайұлы мен төрайымы З.Жанасова ақ баталарын беріп, алғыстарын білдірді. Сондай ақ, Қармақшы аудандық АҚ «Казпочта» бөлімі торабының басшысы Д.Тілеубаева көрсетілетін қызмет түрлерімен таныстырып, алғашқы төлемақы операциясын жүргізіп «С.С.Султанали» ЖШС басшысына табыс тіледі.
Көрсететін қызмет түрлері:
- Кез келген банкке несие төлемдері;
- Барлық салық төлемдері;
- Коммуналдық төлемдер;
- Темір жол және Әуежай билеттері;
- «Сәлем теңге» жедел аударымы;
- Хат хабарламаларды жөнелту;
- бөтен де төлем құжат түрлері;
25 маусым 2019 ж. 1 326 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 843
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930