"ЖАҚАЕВ ІЗБАСАРЛАРЫ" ЕҢБЕК ОҚЫТУ ЛАГЕРІ ҚАРМАҚШЫДА
15-17 маусым күндері Қармақшы ауданы Иіркөл ауылдық округінде "Жасатар ауылға" ұранымен еңбек оқыту лагері өтті.
Лагер мақсаты белсенді жастарды еңбекке, кәсіпкерлікке, ел жандылыққа баулуға, жастардың арасында достық қарым-қатынас орнатуға, көшбасшылық қасиеттерді шыңдауға, туған жерге деген патриотизмді нығайтуға және болашақ жас мамандарды ауылға жұмысқа шақыруға бағытталған.
Бұл жолғы лагердің ерекшелігі жастар егістік басында қос тікті.
Айта кету керек, биыл Қармақшы ауданында "Бизнес Періште" пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Мақсаты: үлкен бизнес өкілдерінің кәсіп ашуға ниетті жастарға консультациялық, ресурстық көмек көрсетету және кеңес беру. «Жаңатұрмыс» ШҚ-на қарасты Иіркөл ауылдық округінің аумағынан 5 гектар егін шаруашылығына қолайлы жерге түрлі дәнді-дақылдар мен көкөніс өнімдерін егемін деуші жұмыссыздарға жағдай жасалды. Егістік алқабында 7 жұмыссыз жас жұмыспен қамтылуда. Егістік алқаптың жыртылып қарықталуы, суарылуы «Дәуіт» ШҚ-ның қолдауымен жүзеге асырылады.
Егістік алқабындағы барлық ұйымдастыру жұмыстары аудандық жастар ресурстық орталығының жауапкершілігінде болады.
Күздегі өнімдерді нарықта сұранысқа сай болуын және сатылымдар мен жәрмеңкелер ұйымдастыру аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен өтеді.
ЖАҚАЕВ ІЗБАСАРЛАРЫ ОСЫ АТАЛҒАН "БИЗНЕС ПЕРІШТЕ" ПИЛОТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТТІ.