» » Медициналық сақтандырудағы үш басымдық

Медициналық сақтандырудағы үш басымдық

Біз қазір мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгілеген міндеттерді атқаруға кірісіп кеттік. Медициналық сақтандыру қоры осы Жолдаудағы ең маңызды деген үш міндетке басымдық беріп отыр.
1) Ақпараттық жүйелер мен мо­бильді қосымшаларды дамыту ар­қы­лы медициналық көмектің қол­же­тім­­ділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету.
Былтыр қараша айында біз қор­дың мобильді қосымшасын іске қос­тық. «МСҚ: Халықтық бақылау» деп аталатын бұл қосымша еліміздегі ау­руханалар мен емханалардың қыз­метін бағалауға мүмкіндік береді. Қо­сымшаны ұялы телефонға жүктеп, ке­пілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде қызмет көрсететін ем­ханалар мен стационарлардың жұ­мысына баға беруге болады. Онда дә­рігер қабылдауына кіруге кеткен уа­қыт, көрсетілген қызмет сапасы, дә­рігер берген емнің түсініктілігі сынды өлшемдер есепке алынады. Сонымен қатар, қосымшаны пайдаланушылар кез келген медицина ұйымы жайлы пікірін еркін түрде жазып қалдыра алады. Алдағы уақытта осы пікірлер негізінде клиникалардың рейтингі жасалады. Ал, бұл азаматтарға еліміздегі ең үздік деген емханалар мен клиникаларды таңдауға көмектеседі. «Ха­лықтық бақылау» қосымшасын Android және iOS платформаларымен жұмыс істейтін телефондарға көшіріп алуға болады.
Мобильді қосымша үнемі жаңар­тылып, толықтырылып отырмақ. Ал­дағы уақытта оған емханаға тіркелу, медициналық қызмет сапасын баға­лау, медицина ұйымдарының қыз­метін ұйымдастыру, дәрігерге жазылу сынды функционалдарды қосу көзделіп отыр.
2) Кепілдендірілген тегін меди­ци­на­лық көмек көлемін оңтайлан­дыру.
Жалпы, бұл құжат Үкімет тара­пы­нан бекітіледі. Біз өз ұсы­ныс­та­ры­мызды әзірлеп өкілетті органға бе­­реміз. Бір сөзбен айтқанда, кепіл­ден­дірілген тегін медициналық көмек пакеті қайта қаралады деуге болады. Біздің міндетіміз – мемлекет үшін тиімд­ілігі төмен әрі шығыны көп дис­пан­серлік жүйеден бас тартып, оның ор­нына қашықтықтан диагностика жа­сау және амбулаторлық емдеу тәсіл­дерін пайдалану арқылы созылмалы сырқаттарды емдеу жүйесіне көшу.
Алдағы екі жылда Қор кепіл­ден­дірілген тегін медициналық көмек пен әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттеріне енетін медициналық қызметтерді іріктеумен айналыспақ. Іріктеу барысында медициналық қыз­меттерге деген сұраныс пен олардың тиімділігі міндетті түрде ескеріледі.
3) Стационарлық көмектен про­фи­лактикаға (аурудың алдын алу­ға) және өзге де қызмет түрле­ріне көшу.
Мемлекет басшысы биылғы Жол­дауында қазіргі денсаулық сақ­тау жүйесінің бағасы қымбат болып келетін стационарлық емге емес, аурудың алдын алуға ден қоюы керектігін қадап айтты. Және бұл өте дұрыс айтылған мәселе. Се­бебі біздің елімізде науқастардың 70 пайызы дәрігерге ауруы әбден асқынғаннан кейін қаралады. Салдарынан азаматтардың шығыны мен мемлекет қалтасынан шығатын қаражат бірнеше есе артады. Біз болашақта стационарды алмастыратын қызмет түрлерін көбейтуге, соған басымдық беруге күш саламыз. 2018 жылдан бастап кепілдендірілген тегін медициналық көмекке бөлінетін қаражаттың 5 пайызы осы қызмет түрлеріне жұмсалатын болады. Сонымен қатар профилактикалық іс-шаралар ауқымын едәуір арттыру көзделіп отыр.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жайында. ҚР Президентінің биыл­ғы Жолдауында халықты сапа­лы жұмыспен қамту және лайықты әлеу­меттік қорғау жүйесін қалып­тас­тыру проблемасы да айтылды. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл мә­се­лені шешу үшін азаматтардың мүм­­кін­діктерін арттыру қажет. Сон­дай-ақ, Елбасы өзін-өзі жұмыспен қамты­ғандарды тіркеу процедураларын же­­ңілдету керектігін айтты. Яғни, қо­лай­лы жағдай жасалса азаматтар үшін мемлекет алдындағы міндет­те­рін қалтқысыз орындау тиімді болары сөзсіз.
Мемлекеттік органдар президенттің өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты экономикаға жұмылдырып, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту туралы тапсырмасына сәйкес бірқатар іс-шараларды әзірледі. Атап айтсақ, заң актілерінде «өзін-өзі жұ­мыспен қамтыған» деген түсінікті нақ­тылау, өз күнін өзі көріп жүрген азаматтарды мемлекеттік табыс органдарында тіркеу тәртіптемесін же­ңілдету, олардан салық өндіру тәр­тібін айқындау, өзін-өзі жұмыспен қам­тығандар мен жұмыссыз азаматтарды тіркейтін мекемелер қызметін толығымен цифрландыру, жергілікті атқару органдары мен орталық мем­лекеттік органдардың ақпараттық жүйе­лерін бір-бірімен ықпалдастыру көз­делген. Оған қоса, өзін-өзі жұ­мыс­пен қамтыған азаматтарға аз мөл­шерде жарна төлеп, МӘМС па­кетін толық пайдалануға мүмкіндік бері­летінін де айта кеткеніміз жөн.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының «Халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарастыру бөлімі».
+7 (7242) 234 218.
07 ақпан 2018 ж. 979 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 041

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031