ЕЛОРДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ИММУНДАУ АПТАСЫНА ҚОСЫЛДЫ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Егу жұмыстары тегін жүргізіледі. Барлық мәселе бойынша тіркелген емханаларға хабарласу қажет, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Дүниежүзілік иммундау апталығы осы жылдың 24-30 сәуірі аралығында аталып өтеді. Акция кез келген жастағы адамдарды аурулардан қорғау үшін вакциналарды пайдалануды ынталандыруға бағытталған. Иммундау жыл сайын миллиондаған адамның өмірін сақтайды. Ол әлемдегі ең табысты денсаулық сақтау шараларының бірі ретінде кеңінен танымал.Биыл Дүниежүзілік иммундау апталығының ұраны: «Біз вакцинацияны қолдаймыз!»
«Иммундау аптасында медицина ұйымдарының жұмысы кез келген себеппен немесе шалғайда тұратын егуді уақытында алмаған адамдарды вакциналауға бағытталған», - деп мәлімдеді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында.
Вакцинация тегін жасалады. Барлық мәселелер бойынша тіркелген емханаларға хабарласу қажет.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, әрбір емхана егу жұмысын өзінше ұйымдастырады. Атап айтқанда, қалалық №10 емханада мигранттарды, сырттан келушілерді, тіркелмеген шетелдіктерді егу жүргізіледі.
№11 қалалық емханада бес адамнан тұратын жұмыс тобы құрылды. Олар халықты хабардар ету және түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылған. Емхана 40-станцияға (Железнодорожный теміржол станциясы) қызмет көрсетеді. Қызметкерлер қоңырау шалып вакцинацияға шақырады.
Іс-шаралар жоспарына емхананың кіреберісінде сауалнама жүргізу, әлеуметтік желілерде және теледидар арқылы құлақдар ету кіреді.
№13 емханада медбикелер профилактикалық вакцинация үшін саяжайларда тұратын адамдарды хабардар етуде. Жазғы тұрғын үйлерде тұратын науқастар туралы деректер санақ тізілімінен алынады, содан кейін медбике емделушілерге хабарласып, өтіп жатқан егілу акциясы, оның барлық талаптары туралы ақпарат береді.
BAQ.KZ
Фото: ашық дереккөз