» » 1 маусымнан бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы өседі – Тоқаев

1 маусымнан бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы өседі – Тоқаев

Мемлекет басшысы «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Твиттердегі парақшасында республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаны туралы, сондай-ақ 1-млн-нан астам айлығы төмен ауылдық, аудандық және облыстық деңгейдегі бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 1 маусымнан өсетіні туралы жазған болатын.
«Енді 1 млн-нан астам айлығы төмен ауылдық, аудандық, облыстық деңгейдегі бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 2019 жылдың 1 маусымынан бастап өсетін болады. «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойдым. Құжатты әзірлеген Үкіметке және маңызды өзгертулерді жылдам қарап, қабылдаған Парламент депутаттарына алғыс айтамын», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Твиттердегі парақшасында. 

Сонымен қатар, мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019-2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.





16 сәуір 2019 ж. 1 444 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 847
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 568

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930