» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ

      Бүгін Қармақшы ауылында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі болып өтті. Әдетте, алыс, шалғай елдімекендер аудан орталығына келіп құжаттар өткізу үшін мекеме жағалап жүреді. Әр мекемеге тиісті құжаттарды нақтылау мәселесі осы жәрмеңке негізінде шешімін табады деген сенімде. Себебі, жәрмеңкеде ауыл тұрғындарына аудандық 8 мекемеден арнайы мамандар келіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
     Ауыл тұрғыныБақдәулет Лаубаев аудандық жер қатынастар бөлімінің  маманына жерді сәйкестендіру мәселесімен келді. Бөлім мамандары жер көлемі мен құжатта көрсетілген жер көлемінің сәйкес келетінін айтып, жаңартуды қажет етпейтінін ескертті. Сол секілді аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманына Қанат Бекмаханов біліктілік деңгейін көтеру жайындағы сұрағын қойды. Жаттықтырушыға мамандар тарапынан  оқушылардың жетістігі, оның ішінде республика көлемінде жүлдегер болу керектігі жөнінде кеңес берілді. Сонымен қоса ауыл тұрғындары халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлеріне көмегіне жүгінді. Мұнан соң оларға ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңба) беру қызметі көрсетілді.
         Аталмыш жәрмеңке алдағы уақытта аудан көлеміндегі барлық ауылда жалғасын табатын болады.
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».

27 наурыз 2019 ж. 966 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 959
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 193

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031