» » ҚАСИЕТТІ ҚАРМАҚШЫ ЖЕРІНДЕ ӘЗ-НАУРЫЗҒА ДАЙЫНДЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

ҚАСИЕТТІ ҚАРМАҚШЫ ЖЕРІНДЕ ӘЗ-НАУРЫЗҒА ДАЙЫНДЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Қармақшы жұршылығы Әз-Наурызды тарихи-танымдық бағытта өткізуді жоспарлап отыр.
Наурыз мерекесінде халқымыздың салт-дәстүрлері мен рухани мұраларымызды жаңғыртып, қоғамда ұлттық құндылықтарымызды кеңінен насихаттауды көздейді.
Жосалы кентінде 21 наурыз күні арнайы «Этноауыл» саябағында ұлттық нақышта киіз үйлер тігіліп, ұлттық ас мәзірлері дайындалатын болады.
Киіз үйлер маңында ұлттық киім киген, сән-салтанаты келіскен думанды топ ұлттық дәстүрлерден сахналанған көріністер қояды.
Сонымен бірге ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған шараларға азаматтық қоғам өкілдері мен бизнес қауымдастықтарын тарту, жастарды рухани -мәдени және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру бағытында ауқымды іс-шаралар жүргізілетін болады.
Биылғы жылы Қазақстанда жастар жылы болып белгіленді. Осы ретте мерекелік іс шаралар ең алдымен жастарға тарихи-танымдық тұрғыдан пайдалы болса деген мақсатта ұйымдастырылады.
«Этноауыл» саябағында ұлттық спорт ойындары жарыстарын өткізу үшін арнайы аумақтар белгіленіп, наурыз мерекесіне дайындық жұмыстары қарқынды жүруде.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
19 наурыз 2019 ж. 1 385 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 185
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 831

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031