» » Қызылордалық мүмкіндігі шектеулі жан Ернар Айдармен бірге ән салды

Қызылордалық мүмкіндігі шектеулі жан Ернар Айдармен бірге ән салды


Қызылордалық Бақдәулет Әбділдаұлы Республика сарайында өткен қазақ эстрадасының жұлдызы Ернар Айдардың «Тамаша» мерекелік концертінде кеш иесімен дуэт орындады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

 

Мүмкіндігі шектеулі Бақдәулет Әбділдаұлы мерекелік концертте Ернар Айдармен бірге «Тым болмаса» әнін орындады. Үлкен сахнада өнер көрсеткен қызылордалық жігіт ерекше әсерде екенін жеткізуде.
«Республика сарайының сахнасында ән айтқаныма өте қуаныштымын. Әнші Ернар Айдар ағамызға айтар алғысым зор. Мерекелік концерт өз атына сай тамаша, жоғары деңгейде өтті. Мені қолдап, үлкен сахнада өнер көрсетуіме көмек көрсеткендерге айтар алғысым шексіз», - дейді Бағдәулет Әбділдаұлы.

Қызылордалық бозбала өз сөзінде алдағы уақытта әншімен бірге бейнеклип түсіруді армандайтынын да айтты.  
Бақдәулет бұл мүмкіндікке Ернар Айдардың инстаграмм парақшасында жарияланған байқау барысында ие болған. Ол әншінің репертуарындағы бір әнді орындап, жеңімпаз атанған болатын. Әншінің де, оқырмандардың да таңдауы Бақдәулетке түскен.
«Ол өнерде де, өмірде де жеңімпаз жан. Сонау Қызылордадан арнайы келіп отырған Бақдәулетке құрмет-қошеметтеріңіз болсын. Бақдәулет өмірдің үлкен сынағында жүрсе де ән айтуын тоқтатпай, менің жариялаған байқауыма қатысқан болатын. Оқырмандарым да, өзім де бір ауыздан Бақдәулетті жеңімпаз деп таныдық», - дейді Ернар Айдар өзінің мерекелік концертінде.    

Алматы қаласында өткен мерекелік концертте ән айтқан Бақдәулетке жанкүйер ретінде бір топ сырбойылықтарда аттанған болатын. Олардың қатарында №11 мектеп-лицейдің директоры Батырбек Абиев, «Жылы жүрек жастар» еріктілер тобының жетекшісі Сағатбек Сиюов пен Бақдәулеттің ауылдас достары да бар.
Еске сала кетейік, Бақдәулет Әбділдаұлы бұған дейін өзінің туған ауылы Тереңөзек кенті мен Тасбөгет кентінде ұйымдастырылған қайырымдылық концерттерде өнер көрсеткен болатын.  


13 наурыз 2019 ж. 921 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 395
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 189

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930