» » «Байқоңырдан» Egyptsat-A ғарыш аппаратымен тасығыш-зымыран ұшырылды

«Байқоңырдан» Egyptsat-A ғарыш аппаратымен тасығыш-зымыран ұшырылды

2019 жылдың 21 ақпанында Астана уақытымен 21 сағат 47 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағының 31 алаңынан «Egyptsat-A» ғарыш аппаратымен «Союз-2.1б» тасығыш-зымыраны ұшырылды. Ұшырылу штатты режимде өтті.

Мысырлық «Egyptsat-A» Жерді қашықтықтан зондтау спутнигі жоғарғы кеңістіктік рұқсаты бар заманауи оптикалық-электрондық аппаратурамен жабдықталған. Ғарыш аппараты панхроматикалық (қара-ақ) және мультиспектрлік диапазондарда көрінетін және инфрақызыл спектрлерде түсіруді жүргізе алады.   
Ең көп шолу жолағы 1400 километрді құрайды.
«Egyptsat-A» ҒА «С.П. Королев атындағы «Энергия» Ғарыштық-зымырандық корпорациясы» ЖАҚ-мен Мысыр Араб Республикасы Үкіметінің мүддесінде құрылған. Ұшу сынақтары бағдарламасын орындағаннан кейін спутник Египет тарапына басқаруға берілетін болады.
Спутниктің салмағы бір тоннаға жуық. Ол 500-ден 800 километр биіктіктегі орбитаға шығарылады, онда кемінде 11 жыл жұмыс істеуі тиіс.
Тасығыш-зымыранның ұшу трассасы Байқоңыр ғарыш айлағының солтүстік бағытында, Қазақстан аумағының – Ақтөбе және Қостанай облыстары және Ресейдің Орал өңірі үстінен өтеді.
BAQ.KZ
 
22 ақпан 2019 ж. 916 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 120
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 317

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031