» » Университет «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде грант ұтып алды

Университет «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде грант ұтып алды



2019 жылдың 8 ақпанында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының ЖОО-да технологияларды трансферттеу/коммерцияландыру бойынша кеңселерді іріктеу конкурсының жеңімпаздарын жариялады. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті байқауға қатысушылар арасында ең жоғары баға алып, грант иегері атанды. Университеттің жеңіп алған 98 995 000 (тоқсан сегіз миллион тоғыз жүз тоқсан бес мың) теңге көлеміндегі гранты «Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуін алға жылжыту шеңберінде бағдарламалық жобаларды іске асыру» 153 бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландырылады.
Байқау комиссиясы патенттер мен ғылыми-зерттеу жобалары үшін алынған гранттар санына, қаржыландыру көлеміне назар аударды. Сондай-ақ, мамандарды оқытуға да баса мән берілді. Одан бөлек, шетелдік және отандық журналдарда қызметкерлердің соңғы 3 жылда жариялаған технологиялық мақалалар саны есепке алынды. Шетелдік ғылыми ұйымдары, зерттеу институттары, ғылыми жұмыстармен айналысатын компаниялармен ынтымақтастық байланысы да маңызды болды.
Грант университеттің қуаттылығын арттырып, институционалдық әлеуетін күшейту мақсатында тегін берілді. Университет Дүниежүзілік банктің үйлестіруімен Жобаны басқару комитеті бекіткен Технологияларды трансферттеу/коммерцияландыру бойынша кеңселерді жүзеге асыру жоспарын басшылыққа алатын болады.

syrboyi.kz





13 ақпан 2019 ж. 987 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031