» » АЯЗДЫҢ АЛДЫНДА ДӘРМЕНСІЗ ЕКЕНБІЗ…

АЯЗДЫҢ АЛДЫНДА ДӘРМЕНСІЗ ЕКЕНБІЗ…

Алматыдағы бір аптадан бері жұртшылықтың апшысын қуырған сарышұнақ аяз нені көрсетті?  Шындығында бұрын -соңды  50 жылдан бері Алматыда  мұндай суық болған жоқ. Рас, қар қалың жауған сәт кездесті. Оған етіміз үйренген. Бірақ жаныңды қысып жіберетін аяздың жөні бөлек екен. Қиын. Сонымен -30 градус аяз нені көрсетті?

ЗАРДАБЫ:
Бұл күні талай тұрғындардың үйіне келетін су құбырларындағы суық су қатып алды. Әсіресе, Алматының жеке үйлерінде тұратындар халық мұның зардабын көп тартты.
  1. Жеке үйлердегі жылу пештерінің көбісі істен шықты немесе қақаған аяздың суығына шыдас бермей, үйдегі батареялар жылусыз қалды.
  2. Үйдің жылуын күшейту үшін көгілдір отынның көп жағылғанына қарамастан, бәрібір адамдар тиісті мекемелерден жеткілікті жылу ала алған жоқ.
  3. Бұл күні сантехниктер мен пеш құрылғысын жөндейтін қаладағы шебер-мастерлердің «қолы» жүрді. Олар қызметақысы үшін бағаны аспандатып жіберді.
  4. «Қысқы шанаңды жазда сайла» деген сөздің жаны бар. Қазакеңнің тұрмыстық шаруаға қырсыздығы осындай қысылтаяң сәттерде аздап байқалып қалды.
  5. Қалыптасқан жағдайға байланысты сауда дүкендері мен базардағы жылу пештерінің және  сантехникалық материалдардың бағасын қожайындар бірден көтеріп жіберді.  Пеші ескіргендер амалдың жоғынан жаңасын алуға тура келді. Бұл бірқатар тұрғындардың қалтасын қақты.
  6. Алматыдағы көпқабатты үйлердің де бірсыпырасы суық болды. Қатты аяз оңтүстік шаһардағы бірқатар ғимараттардың суыққа да шыдас бере алмайтынын көрсетті.
  7. Қаланың Ақжар, Қырғауылды және оған маңайлас жердегі бірқатар елдімекендер ауыз сусыз қалды. Ұзына бойы бір шақырымға жуық құбырдағы қатып қалған суды жылытып жүрген жұмысшылардың суреті интернетте пайда болды. Қысқасы, қаланың коммуналдық су жүйесі қатты аязға дайын болмай шықты.
  8. Аяздың салдарынан шаһардың «Таугүл»,  «Орбита» ықшамауданы мен Саин мен Шаляпин көшелеріндегі су құбырында апат болып, бірқатар үйлер жылусыз және ауыз сусыз қалды.
  9. Алматыға қарай жұмысқа қатынайтын елдімекеннің тұрғындарын таситын жергілікті таксилер күннің суықтығын пайдаланып, бағаны көтеріп жіберді.
  10. Бір аптаға созылған аяз халықты психологиялық жағынан шаршатып жібергенін де ұмытпауымыз керек.
ПАЙДАСЫ:
Ал бір аптаға созылған -30 градус аяздың пайдасы болды ма? Болды.
  1. Қалада көлік кептелісі азайды. Мектеп, даладағы көптеген сауда орындары, яғни ашық базарлар толыққанды жұмыс істемеді. Мұның барлығы көлік кептелісінің аздап азаюына септгін тіигізді.
  2. Жол шетінде аяздан тоңып тұрған жолаушыларды тиісті жеріне апарып тастайтын арнайы жүргізушілер легі пайда болды.
  3. Тіпті жолай ақша алмайтын иманжүзді шопырлардың саны артты.
  4. Қаланың бірқатар көшелерінің қиылысында қамқорлығы жоқ немесе асыраушысынан айрылған жандарға тегін тамақ беретін арнайы орындар ашылды.
  5. Астана мен Алматының аязынан кейін «суықтығы -30, сезілуі -43» деген секілді сөз тіркестері пайда болды.                          Әрине, бір мақалада аяздың зардабы мен пайдасын санамалап шығу мүмкін емес. Бір нәрсе анық: -30 градустық аяз біздің шаруадағы олқы тұстарымызды,  қаншалықты пысықтығымыз бен төзімділімізді көрсетіп берді.  Кеше «Қазгидромет» бүгіннен бастап, аяздың беті қайта бастайтынын мәлімдеді. Аяздың алдында бәріміз де дәрменсіз екенбіз.                                                   Бірақ,…Алматының құрғақ аязы Қызылорданың қары аз қара суығының алдында түк емес қой.
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
29 қаңтар 2018 ж. 1 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031