» » ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҚ БЕЛЕС

ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҚ БЕЛЕС

Жақында «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл толуына орай партияның «Шығармашыл зиялы қауыммен жұмыс» жобасы аясында Шәмшат Төлепова атындағы ау­дандық мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен «Сыр елім менің – жыр елім» тақырыбында аудандық жас жыршы-термешілер фес­тивалі өтті.


Шара барысында сахна төрінде өнер көрсеткен ау­дандық Көшеней Рүстембекұлы атындағы жыраулар үйі мен Тұрымбет Салқынбайұлы атындағы аудандық әуез мектебінің шәкірттері, яғни бүгінде жас та болса өнерімен аудан, облыс, республика көлемінде танылып жүрген жас жыршы-термешілер қазақтың қара домбырасымен Сыр сүлейлерінің шығармаларынан тарту жасап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шара соңында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дастан Буханов пен аудандық мәслихат депутаты, партия ардагері Күлжауһар Раева құттықтау сөз сөйлеп, жас өнерпаздарға сый-құрмет көрсетті.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
28 қаңтар 2019 ж. 1 154 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 777
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 223

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930