» » Қызылордадағы мектепте киностудия ашылды

Қызылордадағы мектепте киностудия ашылды

Қызылордадағы мектепте фото және киностудия ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Киностудия №2 «Мұрагер» мектебінде тұсауын кесті. «Murager production» деп аталатын студия жастардың шығармашылық қабілетін шыңдауға көңіл бөледі. Соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған студия осылайша талантты жастарды өнер әлеміне баулуға ықпал етеді.
«Бізде жас өрендер бұл істің қыр-сырына әбден қанығады. Әуелі сценарий жазу ісімен айналысса, одан кейін актерлік шеберлік, режиссерлік пен актерлік өнерге ден қояды. Анимациялық фильмдер мен әлеуметтік ролик түсіру ісін де назарда ұстайтын боламыз», – деді фото және киностудияның көркемдік жетекшісі Жеңісбек Сүйіндіков.
Алдағы уақытта студия басшылығы актерлерді эфирге дайындау ісін меңгерген визажист мамандығы иесін де жұмысқа тартуға көңіл бөліп отырғанын жеткізді. Оқушылар арасында бұл кәсіптің қыр-сырын меңгергісі келетін өрендер де баршылық.
«Бүгінде елімізде киноиндустрия ісіне қызығушылық артып келеді. Оған деген сұраныс та зор. Отандық киноөнімдер көрермен тарапынан қызығушылықты арттырып келеді. Біз сол бағытта қызмет ететін жастар қатарын көбейтуді мақсат етеміз», – деді Жеңісбек Сүйіндіков.
Алдағы уақытта мектеп оқушылары кино мен фото ісін үйреніп, өздерінің алғашқы дүниелерін жасауға ниет білдіріп отыр. Қазірдің өзінде алғашқы туындыларын жұртшылыққа ұсынып үлгерді. Онда мектептегі қызықты оқиғалар барысы суреттелген. Қысқа метражды аталмыш фильм көпшілік тарапынан зор қошеметке ие болды.
Айта кетейік, №2 «Мұрагер» мектебі – Қызылорда облысындағы оқу ошағының бірі. Былтыр Сыр өңірінде «Үздік білім беру ұйымы» байқауында жеңімпаз атанып, 17 млн теңгенің сертификатын алды.
Мектеп ұжымы аталмыш қаржыны осындай игі мақсаттарға жұмсауды жоспарлап отыр.

janalyq.kz



27 қаңтар 2019 ж. 937 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 395
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 189

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930