» » Үгіт-насихат жұмыстары

Үгіт-насихат жұмыстары

Қармақшы ауданы №5 ӨСБ қызметкерлері ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының күндізгі бөліміне оқуға түсуге және өрт қауіпсіздігі тақырыптарында үгіт-насихат жұмыстары бойынша Қармақшы аудандық білім бөлімінің №121 мектебінің 9-10-11 сынып оқушыларына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға Институтта оқудың жастар үшін артықшылықтары туралы айтып берді-ол тегін оқу, тамақтану, мекендеу, киіндіру, сондай-ақ, Беларусь Республикасының және Ресейдің ТЖМ бейінді оқу орындарында, яғни шетелде білім алу мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, мамандар Институтта білім алған 4 жыл жедел әскери қызметті өтегенмен теңестіріледі, ал оқу орнын бітіргеннен кейін бітірушілерге арнайы «азаматтық қорғау лейтенанты» немесе «лейтенант» әскери атағы беріледі. Барлық бітірушілерді Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөліністерінде жұмысқа орналастыруға кепілдік беріледі.
Балаларға жеке құрамның патриоттық тәрбиесі, курсанттардың Отанға деген махаббаты сияқты құндылықтарын қалыптастыру, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтау, өз еліміздің тарихын білу туралы айтып берді. Институт курсанттары айрықша күндерге арналған әскери шерулердің тұрақты қатысушылары болып табылады. Институттың оқу озаттары жыл сайын «азаматтық қорғау лейтенанты» алғашқы шендерін Қазақстан Республикасы Президентінің қолынан алу мәртебесіне ие болатындығын айтып, балалардың назарын аударды.
Кездесу соңында оқушыларға курсанттардың оқудағы жоғарғы көрсеткіштерін көрсеткен Көкшетау техникалық институты туралы видеоролик көрсетті. Сондай-ақ, үгіт-насихат жұмыстарының соңында оларға тақырыптық кітапшалар мен буклеттер табыстады.
Қорытындылай келе, егерде сіздің туған туыстарыңыз, аға-бауырларыңыз жақсы мамандық иесі болғанын қаласаңыз Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Е.Көшербаев көшесі 41 мекен-жайда орналасқан Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөліміне келіп қосымша сұрақтарыңызға жауап ала аласыздар немесе 2-11-06 байланыс телефоны арқылы хабарласыңыздар!

24 қаңтар 2019 ж. 1 358 1

JeaCold от 12 ақпан 2019 12:57
Prezzo Cialis 10 Mg In Farmacia Cod Generic Finasteride shipped ups on line isotretinoin 10mg in usa online pharmacy Fluoxetine

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930