» » Әбілқасымова: Көпбалалы аналар өмір бойына жәрдемақы алады

Әбілқасымова: Көпбалалы аналар өмір бойына жәрдемақы алады

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова көпбалалы аналарға мемлекеттік бюджеттен жәрдемақының қалай тағайындалатыны жөнінде пікір білдірді деп жазады NUR.KZ.


"Тарап кеткен ақпарат тек қана жәрдемақының бір түріне ғана қатысты болған. Ол алты және одан да көп бала туған, "Күміс алқа" мен "Алтын алқа" белгісіне ие болған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы" , - деді министр.

Сонымен бірге, Әбілқасымова жәрдемақыға тағы да "Ана даңқы" орденін алып, "Батыр ана" атанған әйелдер ие бола алатынын жеткізді.

"Бүгінде елімізде бұл құрмет белгісіне ие 237 мың ана бар. Бұл - ай сайын беріліп отыратын арнайы аналар жәрдемақысы. Басты ерекшелігі - ол өмір бойына беріліп тұрады. Яғни, тіпті зейнеттік жасқа жетіп, не болмаса балалардың 18 жастан асып кетсе де ай сайын төлем жасалынып тұрады" , - деді Мадина Әбілқасымова.

Еңбек және әлеуметік қорғау министрінің мәлімдеуінше, 2018 жылы Қазақстанда 237 мың көпбалалы ана 42 млрд теңге көлеміндегі жәрдемақыны алды.
22 қаңтар 2019 ж. 1 746 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1(10369)

06 қаңтар 2025 ж.

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 216
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031