Қазақстандық видео үздік ондыққа кірді
Қазақстан туралы жарнамалық ролик туризм туралы жазатын танымал ресейлік Tutu.ru сайтының шешімі бойынша 2018 жылғы үздік бейнежазбалардың бірі атанды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы
«Біз қайда ұшып барамыз?» атты танымал ролик Kazakh Tourism мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің былтыр қыркүйектегі тапсырысы бойынша Euronews телеарнасында көрсету үшін түсірілген.
Ол қазақстандықтар арасында танымалдылыққа ие болды, кейін шет елдерге кеңінен таралды. Бұл жолы Tutu.ru ресейлік сайтының тұжырымы бойынша 2018 жылғы саяхат туралы видеолардың үздік ондығына кірді.
«Туристік бағыттағы жарнамалық роликтер - жеке видеожанр. Әдетте олардың бәрі бірдей болып келеді: табиғаттың сұлу бейнесі, коптерден түсірілген таспалар, тамақтарды жақыннан түсіру, күлімсіреген қыздар. Бұл роликтің авторлары қай елді жарнамаланып жатқанын соңына дейін айтпайды. Сіз «осы әсем сұлулықтың» қайда екенін табуға ұмтыласыз. Соңында білген кезде таңғаласыз», - деп жазады сайттың бас редакторы Тимур Юсупов.
weekend.bugin.kz
Пікір 1