» » Қызылордада жылу бағасы төмендеді

Қызылордада жылу бағасы төмендеді

Өңірлік коммуникация қызметі алаңында «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК директорының міндетін атқарушы Руслан Нұрмағанбетов баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

 

Қалада қыстың қытымыр күнінде өзекті мәселенің бірі саналатын жылу тұрақты әрі сапалы беріліп тұр. Тұтынушылар тарапынан шағым естілмейді. Демек, ең әуелі жылумен қамтамасыз ететін орталық мәселесінің шешімін тапқаны көп кедергінің түйінін шешті. 2015-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама бойынша 11 млрд теңгеге жуық қаражатқа кәсіпорынның негізгі және қосымша қондырғыларына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда: «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 8,6 млрд теңгеге 32 шақырымға жуық әртүрлі диаметрдегі магистралды және кварталаралық жылу желілері мен су айдағыш насостық станцияларына қайта жаңғырту жұмыстары жүр гізілген. Сонымен қатар Еуропалық даму және қайта жаңғырту банкі несиесімен қуаттылығы 15 Мвт құрайтын 2 дана газтурбиналық қондырғыға күрделі жөндеу, орталықтандырылған жылу жүйелерін модернизациялау, жылу жүйесіне гидравликалық модельдің бағдарламасын орнату және автоматтандырылған дистанциондық басқару жүйесі енгізілген.

«Бұл өз кезегінде 50 жылдан астам жұмыс атқарып тұрған кәсіпорын қондырғылары мен жылу желілерінің едәуір жаңаруына септігін тигізді. Бу қазандықтары мен жабдықтардың сенімділігі мен өнімділігі артты. 30 МВт электр қуаты қалпына келтірілді. Жылу алмасу жақсарды. Гидравликалық режим жақсарып, қоректендіргіш судың сапасы жоғарылады. Жылу жүйесіндегі шығын азайды. Мәселен, 2015-2016 жылдары қазандыққа берілетін су шығыны сағатына 500-700 тоннаны құраса, қазіргі таңда бұл шығын көлемі 3-4 есеге азайды. Жылу желілеріндегі технологиялық апаттардың саны төмендеді, – дейді Р.Нұрмағанбетов.
Тағы бір жағымды жаңалық, жаңа жылдан бастап жылу тарифінің төмендегені.

16 қаңтар 2019 ж. 687 1

JeaCold от 28 ақпан 2019 16:27
Viagra Acheter En Ligne Forum viagra Lymph Node Decrease Canine Cephalexin Buying Amoxicillin Online

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031