» » Аудандық денсаулық саласы

Аудандық денсаулық саласы

Денсаулық: Ауданда тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы жыл өткен сайын өсе түсуде, 2017 жылы орташа өмір сүру 70,5 жас болса, 2018 жылы 72,1 жасқа жетті. 2018 жылдың қаңтар-қазан айларында туылған балалар саны 1041 (2017 жылы – 1033) баланы құрап, өткен жылдын тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,8 пайызға өсті. 2018 жылдың қаңтар-қазан айларында 100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезбен ауру деңгейі 37,1% құрады, ал 2017 жылдың тиісті кезеңінде аурушаңдық көрсеткіші 37,1% құраған, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,0 пайызды құрады. Аудан тұрғындарына қазіргі таңда 103 дәрігер, 468 орта буын қызметкерлер қызмет көрсетуде. Дәрігерлердің 31% санатты. Оның ішінде 6-ауы жоғары санаттағылар, 22-і бірінші санатты, 3-еуі екінші санатты.
Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауына сәйкес «Үздік денсаулық сақтау және Дені сау ұлт» ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «Қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу бағытында әрбір медицина қызметкерлері жеке-жеке компьютермен қамтамасыз етіліп, кешенді медициналық ақпараттық жүйеге қосылып жұмыс істеуде.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу жұмыстары жандандырылуда. 2018 жылы денсаулық сақтау саласына қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға 101,0 млн. теңге қаржы бөлініп, қажетті құрал-жабдықтар және автокөліктер сатып алынып, ел игілігіне пайдалануда.
Біздің бүгінгі ең басты мақсатымыз – елімізді дамыған 30 елдің қатарына енгізу. Сондықтан, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақалаларында заманға сай жаңғыру, оның ішінде рухани жаңғыру мәселесі жан-жақты талданып, таяу жылдарға ауқымды міндеттер қойылып отыр.
Елбасымыз тарихымыздағы жеті ерекшелік туралы үндеу-мақаласында тарихи мұрамыздың мол екеніне мән берілді. Ұлы даланың жеті қырының кез келгені қазақ елінің өміріндегі ерекше мұра. Атқа міну мәдениеті, ежелгі металл өндіру мен өңдеу технологиясы, өз жазуы мен мифологиясы бар озық мәдениеттің иесі екенімізді білдіреді. Әлемдік экономиканың өркенденуіне септігін тигізген – Ұлы Жібек жолы жүйесі, Қазақ үшін де аса қымбат құндылықтар болып табылады. Жаһандану кезеңінде ұлт тарихының мәдениеті мен құндылықтарын білу, насихаттау, әрі сақтау елді бекемдеудің тікелей кепілі.

16 қаңтар 2019 ж. 1 223 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031