» » Мейірім шуағы

Мейірім шуағы

Елбасы өзінің биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында да мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған «кедергісіз орта» қалыптастыруға зор мән берілуге тиіс екендігін айқындап берген болатын. Осыған орай Ақтөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы М.Шынарбаева мүмкіндігі шектеулі оқырмандары: З.Киікбаева, А.Қарғабаева, З.Киікбаева, С.Байқожаев, Әбу-Дәулет Мырзахметовтердің қатынасуымен «Мейірім шуағы» атты кездесу кешін өткізді. Өнерпаз оқушылар қатынасушылардың құрметіне әннен , биден шашу шашты. Оларға сый-сияпат көрсетілді. Қазіргі кітапханалар- ақпараттық, мәдени-ағартушылық мекеме болып табылады. Өркениет көшіне-ИНТЕРНЕТ әлеміне кең құлаш сермеген Ақтөбе ауылдық кітапханасы жаңа технологиямен жабдықталып модельді ауылдық кітапхана атанды. Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры К.Қаниева кітапханашы М. Шынарбаеваға СЕРТИФИКАТ табыс етті. Ақтөбе ауылының жан-жақты білімді, мәдениетті жастары өсіп-өркендей берсін!




25 желтоқсан 2018 ж. 1 587 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 263
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 421

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30