» » Жұлдыздар бүгін не дейді?

Жұлдыздар бүгін не дейді?

Тоқты
Бұл күні өзіңізге ғана сеніңіз. Дұрысы сізге күрделі жоспарларыңызды және өміріңіздегі жаңа өзгерістерге көңіл бөлмеу керек. Тыныштық сақтасаңыз, көп жетістіктерге жетесіз. Қаржылық жағдайыңызға көңіл бөліңіз. Жақындарыңызға да жәрдемдесуді естен шығармағаныңыз абзал.


Торпақ
Жұмыста, жеке өміріңізде көптеген қиындық туындайды. Өз күшіңізге сеніңіз. Болашақта табысқа жеткіңіз келсе, дүрбелеңге салынбауға тырысыңыз. Табандылығыңыз дәрежеңіздің өсуіне жағдай жасайды. Кешкі уақытыңызды сүйіктілеріңізбен өткізіңіз.

Егіздер
Басқара білу қабілетінің арқасында махаббатта жолы болады. Жалғыз жүрген тоқтылар үнемі серігін іздеуде асқан белсенділік танытады.Әр түрлі саладағы адамдармен оңай тіл табысады. Жаңа мүмкіндіктердің есігі ашылып, көп таныстар табады.

Шаян
Ата-анаңыздан үлкен аталарыңыз туралы сұрап-біліңіз. Бұл ақпарат алдағы уақытта өте қажет болуы мүмкін. Əр ақыл сіздің бұл өміріңізге үлкен өзгеріс əкелуі мүмкін. Мұнымен қатар, дәл қазір жалғыз қалып, миыңызды тынықтыратын уақыт.

Арыстан
Сүйгеніңізбен біргесіз.Екеуіңіз бір-біріңізді қуантудан шаршамайсыздар. Бұл сіздің өмірлік қағидаларының бірі. Осы жолдан тайынбаңыз.Сүйген жанмен бірге болу өмірдің мәні деп біліңіз. Бақыттысыз.....

Бикеш
Бүгін өзіңізді біртүрлі сезінесіз, ешкімге керек еместей. Денсаулығыңызға қараңыз. Махаббатта бүгін жолыңыз болмайды.. бірақ бүгін істеген іс-әрекетіңіз тек болашақтағы бақытты болуға жасалған қадамдардың бірі. Көп ойланбаңыз!

Таразы
Достарыңыздың арасында бірқалыпты болғанымен, отбасыңызда түсініспеушілік орын алуы ықтимал. Жақындарыңыздың жаман жағын емес, жақсылығын көре білгеніңіз өзіңізге де жеңілдік алып келеді

Сарышаян
Бүгін кешке дейін ерекше белсенділігіңіз өзіңізге кедергі жасайды. Қателіктер жіберіп, жылдам ашулануға бейім келесіз. Алайда кешке бар қиындығыңызды шешіп, сауда жасайсыз. Келесі күнге жаңа жоспарлар құрасыз. Түнде өзіңізді жайсыз сезінесіз. Бір нәрсені қажетсінгендей боласыз. Мұнымен қатар, жақындарыңыз сізді бағалайтын болады.

Мерген
«Бір қиындықтан артынан екі жақсылық күт» демекші кез келген қиындыққа шыдап бағыңыз. Ісіңіз алдағы уақытта алға басуы мүмкін. Сондықтан бәріне түсіністікпен қарағаныңыз абзал. Кейбір адамдармен тіл табысу, түсінісу қиындау болуы мүмкін. Бірақ бәрі өткінші…

Тауешкі
Түс аралас махаббат сезімінің құшағына енеді. Ең маңызды деген оқиғалар үйден тыс жерде өтеді. Ол әлеуметтік желі болуы мүмкін. Айналаңыздағылар бар көмегін аямайды. Сіздің танымалдылығыңыз артып келеді. Сондықтан мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыз.

Суқұйғыш
Бүгін достарыңыздан жаңа мүмкіндіктеріңізді ашуыңызға қолайлы ұсыныс түсуі мүмкін. Егер сіз өзіңіздің алғыр да әділ қасиеттеріңізді мейілінше көрсете білсеңіз, жақсы жетістіктерге қол жеткізуіңіз мүмкін.

Балықтар
Күннің басында өзге адамдармен танысу сіз үшін пайдалы болуы мүмкін. Сондықтан мұндай мүмкіндіктерден бас тартпағаныңыз жөн. Жақындарыңызбен жылы қарым-қатынас орнатыңыз. Қиындыққа еш мойымай, тек алға қадам басыңыз.


Дереккөз: anabol.kz

06 қараша 2018 ж. 1 049 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031