Құрылтай
» » «ЖОСАЛЫ» БПҰ – ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

«ЖОСАЛЫ» БПҰ – ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Нұр Отан» партиясы «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауын биыл төртінші рет өткізуде. Шара аясында «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалында баста­уыш ұйымдардың жұмыстары сараланып, үздіктер анықталды.
Әділқазылар шешімімен «Үздік бас­тауыш партия ұйымы» республикалық байқауының екінші кезеңіне сәйкес, І санат бойынша Қармақшы аудандық филиалының «Жосалы» бастауыш партия ұйымы 100-ге дейін мүшесі бар ұйымдар арасында ІІ жүлделі орынға ие болды.
Бастауыш партия ұйымы жобаларды жү­зеге асыру, ішкі партиялық жұ­мыс­тарды жүргізу, жаңаша әдіс-тәсілдерді пай­­далану, азаматтық бастамаларды іске асыру, сондай-ақ ұйым жетекшісінің белсенділігін ан­ықтау және жастармен жұмыс нәтижелерін са­­раптау сынды бағыттар бойынша сынға түс­ті.
– Партия саясатын жергілікті жерде жү­зеге асыру бізге жүктелген міндет. Осы ретте айта кету керек, бастауыш партия ұйымдары жергілікті жердегі игі бастамаларға қолдау көрсетіп, партия алдындағы мақсат–міндеттерді орын­­дауға айрықша маңыз беріп отыр. Жобалардың әлеуметтік ма­ңыздылығын, отбасылық құндылықтарды насихаттауда нақты істер жүзеге асуда, – деді партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
01 қараша 2018 ж. 1 081 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 445
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 949

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031