» » Ұялы телефонды қалай тіркету қажет?

Ұялы телефонды қалай тіркету қажет?


2019 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркелмеген телефондарға ұялы байланыс қызметі көрсетілмейді.

2017 жылдың аяғында ҚР “Байланыс туралы” заңына тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Аталған заңның 36-2-бабының 2-тармағына сәйкес, телефонның иесі оны ұялы байланыс операторына тіркеуі тиіс. Жаңа өзгеріске байланысты елімізде шығарылған және өзге елден әкелінген барлық телефонды тіркеу міндетті.

Тіркеу не үшін қажет?

Бұл бастама лаңкестікпен және діни экстремизммен күресті күшейту, сонымен қатар телефон ұрлы­ғының алдын алу үшін қолға алы­нған еді. Қазір смартфонның IMEI-коды болғанымен оның кімге тиесілі екенін анықтау қиын. Мамандардың айтуынша, егер базаға тіркелсе, иесін табуға және телефон ұрлаған адамды да тез ұстауға болады. Ал тіркелмеген телефондар бұғатталмайды, оларға тек абоненттік қызмет көрсетілмейді, яғни сіз ешкіммен хабарласып, хат алмаса алмайсыз.

Телефонды тіркеу қалай жүзеге асады?

Телефонды өзіңіздің атыңызға тіркеу қиын шаруа емес. Ол үшін ұялы байланыс операторларының кеңсесінде сағаттап кезекте тұрып, дүрлігудің қажеті жоқ. Өйткені телефонды тіркеу науқаны барынша қарапайым болады. Ұялы байланыс абонент құралын тіркеу үшін оның иесі өзіне қызмет көрсететін байланыс операторына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН), ал заңды тұлғалар бизнесті сәйкестендіру нөмірін (БСН), сонымен қатар ұялы телефонның сәйкестендіру нөмірін (IMEI-код) де қоса жіберуі керек. IMEI-код төрт жерде көрсетіледі: құрылғының өзінде (пернетақтадан *#06# теру арқылы көресіз), батареяның астында, қаптамада және кепілдік картасында. Абоненттің ұялы байланыс телефонын тіркеу тегін жүргізіледі. Кәмелет жасына толмаған балалардың ұялы телефондарын тіркеу ата-аналары немесе заңды өкілінің келісімімен ғана іске асады. Бала кәмелет жасына толғанша құрылғы ата-анасының атына тіркеліп тұрады.

Компаниялар тіркеуді қалай жүргізіп жатыр?

Kcell және Activ абоненттерінен мобильдік құрылғыларын мүмкіндігінше тезірек  тіркеуден өткізуді сұраймыз. Бірақ ол үшін клиенттерімізге кеңсемізге келіп, кезекке тұрудың қажеті жоқ. Абоненттерімізге тіркеу процесін екі қарапайым әрі түсінікті тәсіл арқылы жеңілдетуге тырыстық. – дейді “Кселл” АҚ коммуникациялар бөлімінің бастығы Наталья Еськова.
Егер сіздің байланыс брендіңіз Kcell немесе Activ болса, “6006” қысқа нөміріне хабарласып, тіркеу туралы ақпараты бар SMS аласыз. Оған жауап ретінде жоғарыда аталған деректерді жіберуіңіз керек. Содан кейін сізге тіркеуге қабылданғаны туралы хат келеді. Екінші тәсіл – телефонда *660# USSD командасын теріп, қоңырау шалу түймесін басу. Сізге мәліметті енгізу үшін арнайы жолақ ашылады, сонда тиісті деректерді енгізіп, “Жөнелту” түймесін бассаңыз жеткілікті. Бірақ телефонды тіркемей тұрып абоненттік нөміріңіздің өз атыңызға тіркелгеніне көз жеткізіңіз.
Beeline қолданушылары “6914” нөміріне ЖСН-ін (12 сан) жіберу керек. Компания өкілдері IMEI-кодты тіркеудің тағы бес тәсілін айтты. “6914” қысқа нөміріне қоңырау шалу және “Мой Beeline” қосымшасын телефоныңызға жүктеп, осы қосымшаны пайдалану арқылы да тіркеуге қоюға болады. Сонымен қатар Beeline.kz сайтында және Beeline-ның кеңселерінде тіркеле аласыз. Өзіңізге жақын кеңселердің тізімін ресми сайттан табуыңызға немесе “0611” нөміріне хабарласып, call-орталықтан білуіңізге болады.
Ал Tele2 абоненттерін тіркеу әлі басталмаған. Компания қызметкерлеріне хабарласқанымызда байланыс операторын телефонға тіркеу бойынша әлі нақты ақпарат жоқ екенін айтты. Тіркеу туралы толық ақпарат шықса, компания өзінің абонентеріне SMS немесе ресми сайт арқылы хабарлайды. Әзірше компания абоненттік нөмірдің өз атыңызға тіркелген-тіркелмегенін тексеруіңізді сұрайды. Егер тіркелмесе, Теле2-нің кез келген кеңсесіне жеке куәлігіңізбен барып, тіркеуден өтіңіз. Абоненттік нөміріңіз өз атыңызға тіркелсе, уайымдамауға болады, әрі қарай тіркеу жұмыстарымен компания қызметкерлері айналысады.
baribar.kz


27 қазан 2018 ж. 1 532 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 049

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031