» » Жауапкершілік арта түседі

Жауапкершілік арта түседі

Адамның өмір сүру деңгейінің жақсаруы, тұрмыс сапасының артуы, халықтың әл-ауқатының өсуі жолындағы Елбасымыз алға қойған міндеттер, сөз жоқ, барша іс басындағы азаматтардан, өз жұмысын жоспарлауда ықшамдалуды, жинақталуды талап етеді. Халыққа түрлі салада қызмет етудің, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін арттыру бірсыпыра ізденістерді қажет ететіндігі өзінен-өзі көрініп тұр.
Елбасымыз инфрақұрылымның дамуы, құрылыс пен жолдардың салынуы қанша қарқынды болса да халықтың өскелең талабына сай келмей, қажеттіліктерін толық қамтамасыз ете алмай отырғанын да баса баса айтты.
Елбасымыз «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», басқа да мемлекеттік бағдарламалардың халық игілігі үшін, халықтың тұрмыс сапасын арттыру үшін жасалғанын айта келіп, әр бастаманың аяқсыз қалмауына назар аударды.
Білім мен медициналық қызметтің сапасын арттыру, бұқаралық спорт пен денешынықтырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай –ақ ұлт саулығы мәселелеріне басымдық берілді.
Осы жұмыстардың қай-қайсысында болмасын іс тетігі білікті маманның қолында. Атқарылған іс көрсеткіш үшін емес, көзге түсу үшін емес, халық игілігі үшін жасалуы керек. Мәселе әркімнің өзіне жүктелген ісіне жауапкершілік танытуында. Бюджеттің әрбір тиынын үнемдеп, халыққа сапалы тауар, сапалы қызмет ұсынуда. Ал үнемдеу – қаралған қаржыны тиісті орнына жұмсамай, сақтап қою деген сөз емес, қажетті нәрсеге жұмсау, халық игілігіне жарату деген сөз.
Бұл ретте Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасындағы бұқаралық сана сезімнің дамуы, сананың ашықтығы туралы айтқан нақты тұжырымдары еске түседі. Бүгінгі жаңа технология ағынымен келе жатқан өзгерістерге дайын болу, яғни бәсекеге қабілеттілік, өзгелердің озық тәжірибесін бойға сіңіре білу.
Қазір мерзімді баспасөздерден, радиодан, телеарналардын мемлекеттік бағдарламаларды орындаудың жаңа қарқынын көріп, Елбасы тапсырмаларын орындаудағы жауапкершіліктің күшейіп келе жатқанын аңғарып отырмыз.
Шегебай Құндақбаев,
«Ұлт бірлігі – Қармақшы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
23 қазан 2018 ж. 1 004 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 063

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031