» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНА ЖАҢА ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНА ЖАҢА ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың №2254 бұйрығымен Қармақшы аудандық «Қармақшы ата» мешітінің бас имамдық қызметіне Абенов Жақсыбек тағайындалды.
Қармақшы ауданындағы іс-сапарын аудан әкімі С.Мақашов мырзамен кездесумен бастаған өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы жаңа имам Ж.Абеновты таныстырып, өңірдегі діни ахуалды сақтау, жаңадан құрылған Түркістан облысында ашылған ҚМДБ өкілдігі, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің атқарып жатқан жаңа бастамаларымен және жоспарларымен бөлісті.
Қасиетті жұма күні аудандық орталық мешітте «Тегі жоқтың елі жоқ» тақырыбында уағыз айтқан соң, аудан ақсақалдары мен барша жамағаттың алдында Қармақшы ауданында Бас имамдық қызметті абыроймен атқарған А.Жаркинбековке өз атынан алғыс хат табыстап, ауданға тағайындалған жаңа имам Ж.Абеновты таныстырды.
Намаздан кейін, Өкіл имам ел амандығы мен жұрт тыныштығы, бейбіт өмірдің тұрақтылығы, ұрпағымыздың баянды болашағы үшін Алладан дұға етті.
07 қазан 2018 ж. 1 591 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 304
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 766

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 78

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930