» » Соңғы 20 жылда вакцинациялаудың көмегімен қандай дерттердің саны азайды

Соңғы 20 жылда вакцинациялаудың көмегімен қандай дерттердің саны азайды

                          

Соңғы 20 жылда вакцинациялаудың көмегімен инфекциялық ауруларды және олардан қайтыс болуды азайту үшін көп жұмыс атқарылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Вакцинациялау – бұл вакцинаны енгізу арқылы адамда иммунитет пайда болдыратын немесе инфекциялық ауруға сезімталдық болмайын процесс.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин вакцинациялаудың арқасында соңғы жиырма жылда тұрғындар арасында қызамықпен сырқаттанушылық төрт мың есеге, эпидемиялық паротитпен сырқаттанушылық 106 есеге, «В» вирустық гепатитімен сырқаттанушылық 38 есеге төмендегенін айтты.
«Профилактикалық егулер жүргізу алдында егілетін адамды медициналық тексеріп-қарау олар денсаулық жағдайының нашарлауына шағымданған жағдайда немесе аурулардың объективті белгілері болған кезде жүргізіледі. Мұның Манту реакциясынан басқа, барлық вакциналарға қатысты екендігіне назар аудартамын. Манту жүргізгеннен кейін 72 сағаттан соң нәтижесін медицина қызметкері бағалайды және қажет болған жағдайда медициналық тексеру тағайындалуы мүмкін», - дейді ол.
Вакциналарды енгізгеннен кейін инъекцияға жергілікті реакция болуы мүмкін. Бұл жергілікті қызару, ауырсыну және тіндердің қатаюы. Бұл асқыну өздігінен жүреді және әдетте ешқандай араласуды қажет етпейді. Егу орнындағы қызару организмнің егуге жергілікті реакциясы болып табылады және гигиеналық талаптардың бұзылуының белгісі емес. Вакциналарды енгізудің қауіпсіздігі үшін бір рет пайдаланылатын стерильді шприцтер мен инелер пайдаланылады.
Анықтама үшін
Профилактикалық егу жүргізу алдында жалпы практика дәрігері немесе педиатр, дәрігер болмаған кезде – фельдшер егілетін адамға медициналық тексеріп-қарау жүргізеді, иммундауға қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда егілетін адамның медициналық құжатына егу жүргізуге рұқсатты ресімдейді, егілетін адамға немесе оның ата-анасына немесе заңды өкіліне профилактикалық егу, иммундаудан кейінгі мүмкін болатын реакциялар және қолайсыз көріністер, егуден бас тарту салдары туралы толық және объективті ақпаратты береді.

Baq.kz
06 қазан 2018 ж. 1 007 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031