» » МӘМС-тің МӘНІ НЕДЕ?

МӘМС-тің МӘНІ НЕДЕ?

Бүгінде міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру маңызды мәселенің бірі. Осыған сәйкес медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге байланысты елімізде дайындық жұмыстары жүргізілуде. Осы тұрғыда МӘМС жүйесі дегеніміз не? Реформа не үшін керек және оның тиімділігі қандай? Сонымен қатар, айтулы жүйе аудан жұртшылығы арасында қалай насихатталуда? Амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық орталық ауруханасы бұл ретте нендей жұмыстар істеуде?

МӘМС – денсаулық сақтау мүддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жүйе. Бұл модель дүние жүзінің көптеген елдерінде қалыптасқан. Оның ішінде Ұлыбритания, Испания, Италия, Швеция, тағы басқа елдер бар. Қазақстан МӘМС қабылдауда әлемнің 50-ден аса мемлекетінің сақтандыру тәжірибесіне сүйеніп, өз жобасын түзген. Сондықтан да елімізде кеңінен насихатталып жатқан әлеуметтік жоба – аралас модель түрінде болмақ. Реформаның қажеттілігіне тоқталар болсақ, бұл денсаулық сақтау саласындағы азаматтар мен жұмыс беруші ынтымағының болмауы мен медициналық қызмет көрсетудің қиыншылығы. Сондай-ақ, жеке адамдардың өз денсаулығына жауаппен қарамауы себеп десек, керісінше, зиянды әрекеттердің алдын алуға, медициналық тексеруден уақытында өтуге айтарлықтай септігін тигізеді. Әлеуметтік сақтандыру – денсаулық сақтау саласындағы қаржылық тұрақтылық, халық арасында созылмалы аурулар мен денсаулық сақтау шығындары мәселесіне оңтайлы әсер етеді.
Ендігі әңгімені өзімізге ойыстырсақ. Үстіміздегі жылдың 8 айында аудан бойынша міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыруда бірқатар жұмыстар атқарылу­да. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Жайлыбай Құдайбергеновтің айтуынша, ауданда 83 лекция оқылып, тұрғындар тарапынан түскен сауалдарға жауап берілген. 5500 үнпарақ таратылып, 3 емдеу ғимаратына билборд ілінген.
– Міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу мәселесі бойынша ақпараттық түсін­діру жұмысын жетілдіруде аудандық ауру­ха­наның бөлімдерінде ем қабылдаған науқастарға 57 лекция оқылып, түсіндірме жүргізілді. Әр бөлімде шағын бұрыш орналас­тырылып, насихаттық стенділер жасақталды. Амбулаториялық деңгейде 18 мекемеге дәріс оқылды. Халық көп жиналатын қоғамдық орында ЛЕД экран арқылы бейнероликтер қойылды. Жергілікті баспасөзге түрлі мақала жарияланса, аудан әкімдігінің сайтына медициналық сақтандыруға орай қажетті маман пікірлері салынды, – дейді бас дәрігер.
Сондай-ақ, облыстық емдеу мекемесінің басшылары З.Күшенова, К.Мырзахметов, С.Игенбаевтардың қатысуымен үш бағытта ақпараттық топ құрылып, аудан әкімінің кестесіне сай кент және елді мекендерде болып, халықпен жүздесті. 18 елді мекенді қамтыған насихаттық топ мүшелері 1180 тұрғынға насихат жүргізді. Аймақ дәрігерлері мен орта буын медицина қызметкерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтан­дыру­дың тұрғындар арасында статусын анықтау мен тіркеуді ұйымдастыруда.
Түйін:
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – тиімді тәсіл. Бірінші себебі, денсаулық сақтау секторын қаржыландыру сақтандыру жарнасы есебінен өседі. Екіншіден, медицина қызметкерлерінің сапасын бақылау мен күнделікті мониторинг жүргізу жүйелі жүзеге асады. Еңбек өнімділігі артып, экономикалық шығындар азаяды. Үшіншіден, жұмыс уақыты оңтайланады. Жаңа дүниені қабылдауға – қашан да уақыт керек. Алайда, уақыт керек екен деп, одан ұтылуға да болмайды. МӘМС – бұл әлемдік деңгейдегі тәжірибе.
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».
28 қыркүйек 2018 ж. 3 548 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031